Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Кәсіпкер мен тұтынушы арасында "торт дауы" тумау ү...

Кәсіпкер мен тұтынушы арасында "торт дауы" тумау үшін не істеу керек? Заңгер кеңесі

Заң мен тəртіп 27.08.2025, 10:44 567
Кәсіпкер мен тұтынушы арасында "торт дауы" тумау үшін не істеу керек? Заңгер кеңесі
Сурет: видеодан скрин

Кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Әселина Батыр арасындағы "торт дауы" қоғамда қызу талқыланды. 600 мың теңгеге бағаланған тапсырыс әлі толық өтелмеген. Аqshamnews.kz редакциясы мұндай жағдай туындамау үшін нені ескеру керегі туралы заңгер Гүлзат Мергенәліқызымен сұхбаттасты. 

Не болған еді?

Таяуда әлеуметтік желіде кондитер Нұршат Ақбергенова мен блогер Әселина Батыр арасындағы дауға жұрт ерекше назар аударды. Кондитердің айтуынша, ол 18 келі мерекелік торт пісіріп, оған 440 мың теңге шығындалып, еңбегінің ақысы ретінде 600 мың теңге сұраған. Алайда тапсырыс беруші тортты алған соң, толық төлем жасамаған. 

Нұршаттың сөзіне сенсек, блогер бір апта бойы ақшаны төлемей, кейін әлеуметтік желіде оны бұғаттап тастаған. Ал Әселина өз кезегінде 100 мың теңгесін төлегенін, бірақ баға алдын ала нақты келісілмегенін алға тартып отыр.

Екі апта бойы әлеуметтік желіде қызу талқыланған торт жырының сәл саябырсығаны міне ғана. Кондитер блогерді сотқа бергені белгілі болғаннан кейін дауласқандар да, түрлі пікір жазғандар да сап тыйылды.

Заңгер не дейді?

Бұл жағдайға байланысты заңгер Гүлзат Мергенәліқызы мынадай түсініктеме берді:

– Мұндай жағдайда міндетті түрде келісімшарт болуы керек. Қызмет түрі, бағасы, қосымша талаптары бәрі жазбаша түрде көрсетілуге тиіс. Қазіргі таңда келісімшартты тіпті WhatsApp арқылы жасауға болады. Мысалы: «Мен, Пәленше Түгеншеев, осындай қызмет көрсетемін. Бағасы осынша. Мынадай жағдайда қосымша төлем болады. Міндетті түрде Келісесіз бе?» деп нақтылап жазу қажет. Тапсырыс беруші келісімін жазбаша түрде бергені жөн. Егер мұндай құжат болмаса, сотта дәлелдеу өте қиын болады, – дейді заңгер.

Оның айтуынша, кәсіпкер мен тұтынушы арасындағы кез келген дауда түбіртек, келісімшарт, хат алмасу жазбалары негізгі дәлел болып саналады.

Кондитер мен блогер арасындағы түсініспеушілікке қатысты заңгер тортты әзірлеу барысында өзгерістер болып, оның барысы тапсырыс берушіге ескертілмей қалған болуы мүмкін деген болжамды ұсынды. 

«Тортты дайындаған кәсіпкердің осынша шығын шығарғанына қарағанда, мүмкін тапсырыс беруші бастапқыда оның пішінін домалақ қылып жасаймын деп алып, кейіннен пішінен жүрек тәріздес етіп жасаңыз дегендей қалауын өзгерткен болар. Бұл жай ғана мысал. Тапсырыс өзгерген сайын, оның төлемі де өзгеретінін ескертілмей қалды ма екен?», - дейді ол. 

Дауларды шешудің заңды жолдары

1. Соталды тәртіп

         •        Келіссөз жүргізу – тараптар өзара сөйлесіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысады.

         •        Жазбаша талап қою – тұтынушы кәсіпкерге ресми хат жазып, ақшасын қайтаруды немесе кемшілікті түзетуді талап етеді.

         •        Медиация – арнайы медиатор көмегімен екі жақты бітімге келу. Медиация арқылы жасалған келісім сот шешімімен тең.

         •        Тұтынушылар құқығын қорғау органдарына шағым – Сауда және интеграция министрлігінің комитеті, жергілікті басқармалар, «Атамекен» палатасы немесе қоғамдық бірлестіктерге жүгіну.

         •        Әкімшілік шағым – егер кәсіпкер заң бұзса, уәкілетті органға арыз түсіріп, айыппұл салдыруға болады.

2. Сот арқылы шешу

         •        Азаматтық сотқа талап-арыз беріп, ақшаны қайтару немесе шығынды өндіріп алу.

         •        Сот шешімі орындалмаған жағдайда сот орындаушысы іске кіріседі.

         •        Егер кәсіпкер қасақана алдап ақша алса, ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Сабақ болар жағдай

Заңгердің сөзінше, мұндай дау екі тарапқа да сабақ болуға тиіс. Кәсіпкер жұмысты бастамас бұрын нақты келісім жасасуы, ал тұтынушы өз құқықтарын сақтап, барлық шығын мен бағаны алдын ала келісіп алуы қажет. Әйтпесе, кейін дау туған жағдайда ешқайсысы өз сөзін дәлелдей алмайды.

Тұтынушы мен кәсіпкер арасында келісімшарт  жасау үшін нақты бір сома белгіленген бе? 

ҚР заңнамасында Азаматтық кодекстің 152-бабының жалпы бөлімінде келісімшартқа байланысты түсіндірме жазылған. Онда келісімшарт жазбаша түрде, ауызша және нотариалды түрде болуы мүмкін екендігі көрсетілген.

"Егер  келісімшартта көрсетілген сома 100 АЕК-тен асса, онда ол бір айлық есептік көрсеткішпен есептеледі.

2025 жылы 1 АЕК - 3692 теңге
Ал 100 АЕК - 369 200 теңге болып белгіленді.

Демек, 369 200 теңгеден асса немесе осы соманың жобасында міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасалуы керек. Бұл біздің заңда осылай нақты көрсетілген", - дейді заңгер.

Гүлзат Мергенәліқызы осы жерде  "Сонда егер кәсіпкер мен тұтынушы арасында келісілген сома  369 200 теңгеге жетпесе, келісімшарт жасамаса болады" деген ой туындауы мүмкін екенін ескерте отырып: 

"Келісімшартты заң негізінде кез келген уақытта жазбаша түрде жасауға болады. Тіпті 50 мың теңге сомасына да", - деп толықтырды сөзін. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#кәсіпкер #Тұтынушы #келісімшарт #заңгер кеңесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Иран үш елге шабуыл жасағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Бүгін 10:00

Вьетнамда қазақстандық қыз жоғалды: СІМ не дейді?

Бүгін 09:15

Ирандағы "қышқыл жауын" Қазақстанға жетуі мүмкін бе? Мамандар түсіндірді

Бүгін 09:00

Атырауда жоғалған отбасының ұл-қызы да өлі табылды

Бүгін 08:41

-33 градус: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі