Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ еуропалық қоғамн...

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ еуропалық қоғамның мәртебесін иеленді

Медицина 20.02.2026, 10:21 156
Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ еуропалық қоғамның мәртебесін иеленді
ҒЗИ

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Еуропалық артериялық гипертензия қоғамының (ESH) Hypertension Excellence Centre мәртебесіне ресми түрде ие болды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл мәртебені алу институттың артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамырлары ауруларын диагностикалау, емдеу және алдын алу салаларында халықаралық стандарттарға сай келетінін растайды. Excellence Centre мәртебесі 2031 жылға дейін жарамды.

Hypertension Excellence Centre бағдарламасы – Еуропалық артериялық гипертензия қоғамының жетекші клиникалық және ғылыми орталықтар желісін қалыптастыруға бағытталған халықаралық бастамасы, бұл орталықтар:

артериялық гипертензиясы бар пациенттерді жүргізуде жоғары клиникалық сараптамалық деңгейін;

ESH/ESC заманауи еуропалық ұсынымдарын күнделікті клиникалық тәжірибеге енгізілгенін;

белсенді ғылыми-зерттеу қызметін;

медицина мамандары арасында білім беру жұмысын, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары қауіптеріне қатысты пәнаралық және профилактикалық тәсілді көрсетеді.

Excellence Centre мәртебесі Еуропалық артериялық гипертензия қоғамы белгілеген сапа критерийлеріне сәйкестігін дәлелдеп, қатаң сараптамалық бағалаудан өткен мекемелерге ғана беріледі.

Институтқа бұл мәртебенің берілуі Артериялық гипертензия және кардиоваскулярлық профилактика мамандары қоғамының президенті Гүлнар Жүнісбекованың, вице-президенті Мейрамгүл Тундыбаеваның басшылығымен ESH пен қоғамның тығыз ынтымақтастығының арқасында мүмкін болды.

Hypertension Excellence Centre мәртебесін алу Қазақстанның халықаралық кардиологиялық және профилактикалық қауымдастықтағы позициясын нығайтуға; ESH халықаралық ғылыми және білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге; артериялық гипертензиясы бар пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары қауіптерін басқаруда профилактика мен жекелендірілген тәсілдің рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.

European Society of Hypertension – артериялық гипертензия, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алу және бақылау саласындағы сарапшыларды біріктіретін жетекші халықаралық кәсіби ұйым. ESH бүкіл әлем дәрігерлері пайдаланатын клиникалық ұсынымдар, білім беру бағдарламалары мен ғылыми бастамаларды әзірлейді және олар гипертензия саласындағы заманауи дәлелді медицинаның негізін құрайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#медицина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика