Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Фоторепортаж / Канададан жеңіспен оралды: Алматы Astana Team жас...

Канададан жеңіспен оралды: Алматы Astana Team жас чемпиондарын қарсы алды

Фоторепортаж Бүгін 11:49 17
Канададан жеңіспен оралды: Алматы Astana Team жас чемпиондарын қарсы алды
Қайрат Қоныспаев

Бүгін түнде қала тұрғындары Алматы әуежайының халықаралық терминалында Канададан жеңіспен оралған Astana Team балалар хоккей командасын ыстық ықыласпен қарсы алды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Квебекте өткен турнирде қазақстандықтар 2013 жылы туған балалар арасындағы күш жағынан екінші саналатын AA Elites дивизионында Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament 2026 жарысының жеңімпазы атанды. Команданың бұл жеңісі кейінгі бірнеше күнде Қазақстанның әлеуметтік желілерінде қызу талқыланды.

Команда құрама ретінде өнер көрсетті. Құрамында Өскеменнің «Торпедо», «Астана», Қарағандының «Юность» және өзге де клубтардың ойыншылары болды. Турнир барысында Astana Team Канада мен АҚШ қарсыластарына қарсы алты матч өткізді.

Noir d’Or des Montagne командасына қарсы финалда қазақстандық жас хоккейшілер мінез танытты. Алғашында 1:3 есебімен ұтылып жатқан олар таразы басын теңестіріп, ойынды овертаймға жеткізді, кейін буллиттер сериясында жеңіске жетті. Команданың бас бапкері Владимир Захаров шешуші матчтан кейінгі әсерімен әуежайда бөлісті.

«Біз Квебекке ең жақсы қасиеттерімізді көрсетіп, турнирде жеңіске жету ниетімен бардық. Былтыр да финалға дейін жеткенбіз, бірақ сәл ғана жетпей қалған еді. Бұл жолы 1:3 есебімен ұтылып жатып, жігіттер мінезінің арқасында есепті теңестірді, ойынды овертаймға апарып, кейін буллитпен жеңді. Азиядан келген команданың жеңісі күтпеген жағдай болды — ұйымдастырушылар бізді түрегеп тұрып қол соғып құттықтады. Жерлестеріміздің біз үшін жанкүйер болғанын сезіну өте қуанышты болды. Ал Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы турнирдегі жеңісімізбен құттықтағанын естігенде, бұл біз үшін үлкен мәртебе әрі зор қуаныш болды. Осындай жарыстар мықты қарсыластармен бәсекеде шыңдалып, болашақта кәсіби командаларға лайықты хоккейшілер дайындауға мүмкіндік береді», – деді ол.

«Юность» командасының қорғаушысы, алматылық Артём Екимов жанкүйерлерге жылы қарсы алғаны үшін алғыс айтып, шешуші ойындардың оңай болмағанын атап өтті.

«Жартылай финал мен финалда өте қиын болды. Бірақ бапкердің тапсырмаларын орындап, турнирде жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Мұхиттың арғы жағында өз күшіңді сынау өте қызық. Қарсыластар бізден ойын көрсеткіші жағынан әлдеқайда басым болды деп айта алмаймын, бірақ олар әр сәтке дейін күреседі. Біз өзімізді жақсы қырынан танытып, ата-анамызға, достарымызға және барша отандастарымызға қуаныш сыйлағанымызға ризамыз. Қарсы шабуылға негізделген тактика өзін ақтады. Ал біз, қорғаушылар, ең алдымен өз қақпамыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырыстық. Жеңісіміз осыншалықты үлкен назар аударады деп күтпедім. Бұл тек бастамасы ғана деп сенемін. Болашақта кәсіби хоккейші атанып, бір күні Стэнли кубогын жеңіп алуды армандаймын», – деді жас спортшы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Хоккей #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексерудің жаңа тәртібі енгізілді

Бүгін 12:53

Мәсімовпен және Келімбетовпен таныс болған: Депутат "Эпштейн файлдарына" қатысты тексеріс жүргізуді талап етті

Бүгін 12:28

Рамазан–2026: ауыр жұмыс істейтін адамға ораза ұстамауға бола ма?

Бүгін 12:15

Қыста ең пайдалы жемістер аталды

Бүгін 12:03

Алматыдағы кәсіподақ көшбасшылары жаңа Конституцияны қолдайтындарын білдірді

Бүгін 11:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі