Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жылыжайларға мемлекеттік қолдау қажет

Жылыжайларға мемлекеттік қолдау қажет

Әлеумет 12.01.2023, 10:45 1,083
Жылыжайларға мемлекеттік қолдау қажет
Сурет: Ernur.kz

Бұл мәселені сенатор Әли Бектаев көтерді. 


Сенатор Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында жылыжай шаруашылығымен айналысатын фермерлер коммуналдық тарифтердің қымбаттығына, отынмен қамтамасыз етудегі үзілістерге және мемлекеттік қолдау деңгейінің төмендігіне тап болғаны туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 



«Бүгінгі таңда республикамызда барлығы 1 265 гектар жылыжайлардың 844 гектары Түркістан облысында орналасқан. Оларда жыл сайын 91 мың тонна көкөніс өндіріледі, бұл ел тұрғындарын қамтамасыз етіп отыр. Жылыжайларда барлығы 12 мыңнан астам шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Түркістан облысында өндірілетін өнімнің 66%-ы Сарыағаш ауданында өседі. Ол ауданның жалпы ішкі өнімінің 30%-ын құрайды. Бүгінде жылыжай өндірісі өңір ауыл шаруашылығының негізін құрайтын, халықты сапалы көкөніспен қамтамасыз етіп отырған, сырттан келетін импорттық өнімдерге төтеп бере алатын салаға айналып келе жатыр. Сондықтан бұл саланы қолдау еліміздің ішкі нарығын және азық-түлік қауіпсіздігін қолдау болып есептеледі», - деді сенатор Әли Бектаев.



Депутат бұл саланың дамуына теріс әсер ететін негізгі фактор – коммуналдық қызметтердің жоғары құны екенін атап өтті. Сонымен қатар, қысқы жағдайда жылыжай шаруашылықтарының әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, оларға да қосымша көмір бөлу қажет.


Сенатор қазіргі таңда жылыжай өндірісінің бағасына, сапасына және көлеміне іс жүзінде әсер етпейтін жылыжай өндірісін мемлекеттік қолдауды күшейту қажеттігі туралы да айтты.



«Әсіресе, өздері ұрық шығарып, көшет өсіріп, оларды егіп, өнім алып жатқан жылыжайларды мемлекеттік қолдау өте маңызды. Сондықтан тұқымға, көшетке, коммуналдық шығындарды төмендетуге арналған қосымша қаржы тетіктері қаралу керек. Жылыжаймен айналысатын тауар өндірушілерді жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету де аса маңызды. Жылыжай өндірісін қолдау және дамытуға қатысты проблемаларды Үкімет деңгейінде арнайы қарап, кешенді шешімдер қабылдау қажет деп есептейміз», - деді Әли Бектаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жылыжай #мемлекеттік қолдау #депутаттық сауал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35

Биіктен құлаудан – алғашқы қадамға дейін

Бүгін 18:22

Алматы ауруханасының қызметкері Айнагүл Берік самбодан Әлем кубогының жүлдегері атанды

Бүгін 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика