Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Әлеумет 06.12.2022, 17:02 1,488
«Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Биыл 42 ерікті мен волонтерлер ұйымы жеңімпаз атанды


Халықаралық волонтерлер күні елордада «Жыл волонтері» сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Бұл сыйлық 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен тағайындалды. Ол әлеуметтік бағыттағы және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан еріктілерге беріледі.


Биыл 42 ерікті мен волонтерлер ұйымы жеңімпаз атанды.


Марапаттау рәсімінде AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов волонтерлер коронавируспен күрес кезінде, Арыстағы, Мақтааралдағы, Әулиекөлдегі, Екібастұздағы оқиғалар барысында қазақстандықтарға алғашқылардың бірі болып көмек көрсеткенін атап өтті.



«Волонтерлердің қызметі шынайы патриотизмнің көрінісі саналады. Олар – кез келген қиын жағдайда көмек қолын созатын мейірімді жүректің иелері. Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың белсенді жұмыс істеуі – кемел қоғамның келбеті», – деді Асхат Оралов.



Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлінің айтуынша, биыл волонтерлерді қолдау мақсатында 255-тен астам шағын грант табысталды.



«Мейірімділік пен қамқорлық – халқымызға тән қасиеттер. Бүгінде елімізде волонтерлер қозғалысы тұрақты дамып келеді. Волонтерлерді ынталандыру және құқығын кеңейту бойынша шаралар қабылданды. Волонтерлік қызметті қолдау стандарттары әзірленді», – деді министр.



Сөйтіп, «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша «VITA» Павлодар қаласының іздеушілері» ұйымы марапатқа ие болды. Ұйым басшысы Екатерина Кудрявцеваның айтуынша, бұл сыйлықтың мақсаты – волонтерлер қозғалысына мүмкіндігінше көп адамды тарту.



«Ұйымымыз жүзден астам адамды іздеп тапты. Олардың арасында балалар да, ересектер де бар. Талай адамның алғысын алдық. Туыстары мен достары ризашылығын білдірді. Қоғамға пайдамыз тисе екен дейміз. Жақсылық жасағымыз келеді. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеумен қатар, волонтерлеріміз қайырымдылық жұмысымен де айналысады», – деді ол.



«Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Олжас Мамыр есімді волонтер марапатталды. Оның айтуынша, еріктілердің басым көпшілігі үшін ең маңыздысы – өзгеге көмектесу.



«Волонтер болу – алғыс алуды немесе материалдық сыйақыға ие болуды ойламай көмек көрсетуге дайын болу деген сөз. Өзгенің жан қайғысына бейжай қарауға болмайды. Біреуге қамқорлық жасай алатын болсаң, одан тартынбау керек», – дейді ол.



Салтанатты іс-шара барысында AMANAT партиясының Атқарушы хатшысы Ярослав Степанецке, Дамир Абдинге, Дархан Айдарханұлына, Олжас Мамырға, сондай-ақ «VITA» Павлодар қаласының іздеушілер» ҚБ және «Lider.kz Астана волонтерлері» ҚБ өкілдеріне сыйлық табыстады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жыл волонтері #сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44

Адамды адам етіп қалыптастыру: Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?

Бүгін 11:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика