AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / «Жыл волонтері» сыйлығына өтінім қабылдау басталад...

«Жыл волонтері» сыйлығына өтінім қабылдау басталады

Хабарлама 30.09.2021, 13:54 1,256
«Жыл волонтері» сыйлығына өтінім қабылдау басталады
Сурет: Іnform.kz

Ерікті болсаң озасың!


«Жыл волонтері» жыл сайынғы халықаралық сыйлығы биыл да тапсырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.


Былтыр ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын тағайындауға арналған конкурс өткізеді.


Халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.


Байқауға үміткерлер әлемнің түкпір-түкпірінен қатыса алады. Ол үшін qazvolunteer.kz интернет-платформасында өтінім беріп, волонтерлік қызметі туралы деректерді толтыру қажет. Өтінім қабылдау 2021 жылғы 1 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2021 жылғы 20 қазан сағат 18.30-ге дейін жалғасады.


Байқау екі кезеңде өтеді: бірінші - qazvolunteer.kz интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру, екінші - ең көп дауыс жинаған және екінші кезеңге өткен қатысушыларды конкурстық комиссия бағалайды.


Нәтижесінде мына номинацияның әрқайсысы бойынша үш үміткер жеңімпаз болып танылады: «Үздік волонтерлік ұйым» «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы» «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін» «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары» «Үздік әлеуметтік көмекші» «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін» «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін» «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін» «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін» «Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін» «Қоршаған ортаны сақтауға және қорғауға қосқан үлесі үшін» «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін» «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін» «Зоологиялық қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін» «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».


«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурстарында орналастырылған. Конкурстың толық шарттарымен осы сілтемеде танысуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жыл #ерікті #өтінім #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық Банк «ALTYN ORDA» коллекциялық монетасын таныстырды

Бүгін 09:39

Алматы әкімі заңсыз сауда нысандарына қатысты қатаң шара қабылдауды тапсырды

Бүгін 09:04

Сәрсенбі күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:30

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Кеше 19:33

Дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті күшейту

Кеше 19:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);