AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жыл басынан бері елімізде 22 есірткі арнасы жойылд...

Жыл басынан бері елімізде 22 есірткі арнасы жойылды

Заң мен тəртіп 27.04.2023, 09:16 1,048
Жыл басынан бері елімізде 22 есірткі арнасы жойылды
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстан жыл басынан бері Ресей, Қырғызстан және Аустралияның құзыретті органдарымен бірлесіп есірткіге қарсы 47 операция өткізді.




ҰҚК мәліметінше, операциялар нәтижесінде есірткі тасымалының 8 халықаралық және 14 өңірлік арналары жойылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Атап айтқанда, Ауғанстаннан Қазақстанға контрабандалық жолмен 5 кг героин және 48 кг метамфетамин жеткізуді ұйымдастырған шетелдік азамат ұсталды. Ауған опиаттарын есірткі трафиктерін қалыптастыру елдерінен Қазақстанға контрабандалық жолмен тасымалдауға қатысы бар есірткі тобы әрекетінің жолы кесілді. 1 кг героин, 2 кг апиын және 14 кг гашиш тәркіленді», – делінген хабарламада.



Сондай-ақ, Каспий су айдыны арқылы Ираннан Қазақстанға опиаттарды жеткізудің тұрақты арнасы жойылды. Жылдам қайықтарды пайдаланып, контрабандалық жолмен 30 кг апиын және 100 метадон таблеткаларын жеткізген төрт шетелдік ұсталды.


Биылғы жылдың бірінші тоқсанының өзінде 8 ауқымды есірткі зертханасы жойылып, заңсыз айналымнан 73 кг «мефедрон» және 223 кг «α-PVP» психотроптық заты алынды.



«Егер бұрын синтетика өндірісі Алматы және солтүстік облыстарға тән болса, бүгінде олардың орналасуы біртіндеп басқа аймақтарға таралуда. Мысалы, Түркістан облысында көрші елдердің есірткі нарығына жеткізуге арналған психотроптық заттардың шетелдіктер ұйымдастырған ауқымды өндірісінің әрекеті тоқтатылды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен Жамбыл облысында өз өнімдерімен ішкі есірткі нарығын қамтамасыз етіп келген ірі есірткі зертханалары табылды. Аталмыш «дизайнерлік есірткілерді» өндіру алаңдарының орналасуы мен сатылуы бойынша еліміздің мегаполистері әлі күнге дейін алдыңғы қатарда екенін айтып өту керек», – деп мәлім етті ҰҚК.



Жыл басынан бері есірткі құрылымдарының 67 қатысушысы ұсталған. Заңсыз айналымнан 483,2 кг психотроптық заттар, 11 кг героин, 32,8 кг апиын, 63,7 кг гашиш, 41,6 кг марихуана және 17 тоннадан астам көкнәр шикізаты, сондай-ақ 22 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#есірткі #арна #жою
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38

Жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 25 жастағы алматылық өлі табылды

Бүгін 11:27

Үш адамның өмірін қиған Әл-Фараби даңғылындағы апат бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалды

Бүгін 10:28

Күн ақырындап жылиды: 24 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);