Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 200-ден а...

Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 200-ден астам тексеру жүргізді

Әлеумет 18.04.2025, 10:51 571
Жыл басынан бері әлеуметтік инспекторлар 200-ден астам тексеру жүргізді
Сурет: Gov.kz

2025 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар 218 тексеру жүргізді, оның 99-ы жоспардан тыс, 42 – профилактикалық бақылау шеңберінде, 77 – прокуратураның талабы бойынша өтті.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 94 ұйғарым берілді, 18,4 млн теңгеден астам сомаға 62 айыппұл салынды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 6, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 44, мемлекеттік мекемелер – 27, балабақшалар – 6, мектептер – 21, колледждер, лицейлер – 5, ауруханалар, емханалар – 11, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 3, автобус парктері, авто/темір жол вокзалдары, әуежайлар – 7, ДК – 12, дүкендер – 16, сауда үйлері – 12, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 10, полиция пункті – 1, стоматология – 3, кітапхана – 1, мәдениет үйлері – 4, мұрағаттар мен мұражайлар – 1, санаторийлер – 3, пошта қызметі бөлімшесі – 1, спорт мектептері – 6, нотариус – 1, өзге де 17 объекті қамтылды.

Мәселен, ҚР ЕХӘҚМ Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде Көкшетау қаласындағы мектепте мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділіктің болмауы фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте әлеуметтік инспекторлардың айтуынша барлық өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістер бар. Мұны ерекше қажеттіліктері бар адамдар да растайды.

 «Жыл сайын мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімділік жағдайлары жақсарып келеді. Объектілердің иелері мен кәсіпкерлердің ерекше қажеттіліктері бар адамдарға деген құрметі мен жауапкершілігі көңілге айрықша медет береді. Жаңа нысандар мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді екенін, барлық санаттар үшін қолжетімділік қарастырылғанын, пандустар, баспалдақтардағы тұтқалар, тактильді құралдар, лифттер бар екенін атап өткім келеді. Бұрыннан жұмыс істеп тұрған нысандар да келушілер үшін ыңғайлы бағдарланған, бізге де өте қол жетімді. Мәселен, Көкшетау қаласының Орталық базарына күрделі жөндеу жүргізілді, егер бұрын бұнда қолжетімділік айтарлықтай қиындық тудырған болса, қазір оған ешбір сүйемелдеусіз кіруге болады, тіпті екінші және үшінші қабатта да лифт бар. Қазіргі уақытта мемлекет көрсететін көптеген қызметтерді ХҚКО-дан алуға болатыны белгілі, ол жерде де қол жетімділік барынша қамтамасыз етілген, пандустары ыңғайлы, есіктері кең, кедергі келтіретін табалдырықтар мүлдем алынып тасталған», – деп өз ойымен бөлісті бірінші топтағы мүгедектігі бар Көкшетау қаласының тұрғыны Талғат Уаисов мырза.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әлеуметтік инспекторлар #тексеру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

8848 театры – «Бақыт үлкен болмайды» атты жаңа премьераны көрерменге ұсынбақ...

Бүгін 18:02

Доллар бағамы төмендеді

Бүгін 17:27

Зейнетақыдан 20 пайыз ұсталады деген рас па?

Бүгін 17:18

Алматы қорығындағы қоңыр аюлар ерте оянды

Бүгін 17:06

Алматылық гимнасттар 20 медаль жеңіп алып, командалық есепте бірінші орын иеленді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика