AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жыл басынан бері 342 мыңға жуық сәби дүниеге келді

Жыл басынан бері 342 мыңға жуық сәби дүниеге келді

Әлеумет 20.11.2021, 12:20 1,228 Almaty-akshamy
Жыл басынан бері 342 мыңға жуық сәби дүниеге келді
Cурет: Egemen.kz

Елімізде бала туудың оң динамикасы байқалады


Қазақстанда 9 айда 341 854 бала дүниеге келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.


Бүгін бүкіл әлемде Халықаралық бала құқықтарын қорғау күні атап өтіледі. Денсаулықты сақтау құқығы негізгі құқықтың бірі.


Ведомствоның мәлімдеуінше, балалардың денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі, ол «Салауатты ұлт «Әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасында көрініс тапқан.



«Біздің елімізде бала туудың оң динамикасы байқалады. Жедел деректерге сәйкес республикада 2021 жылдың 9 айында 341 854 бала дүниеге келді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңінде туылғанға қарағанда 21 552 балаға көп», - делінген хабарламада.



Мемлекет балалардың денсаулық жағдайын жақсарту және сәби өлімін азайту үшін жүйелі шараларды қолға алған. Министрліктің мәлімдеуінше, аурулар мен даму кемшілігін уақтылы анықтау үшін 3,2 млн бала профилактикалық тексеруден өткен.



«Баланы кішкене кезінен күту мәселесі бойынша кеңес беру үшін 600-ден астам баланы дамыту кабинеті ұйымдастырылды. Алдын алу үшін ерте скрининг жүргізіледі. Жүктілік кезінде құрсақішілік ұрықтың пренатальды скринингі, туа біткен гипотиреозды және фенилкетонурияны анықтау үшін неонатальды скрининг жүргізіледі. Жаңа туған нәрестелердегі ретинопатияны анықтау үшін офтальмологиялық скрининг, аудиологиялық скрининг және ерте жастағы балалардың психофизикалық даму скринингі енгізілді», - делінген хабарламада.



Сондай-ақ,17 жасқа дейінгі балаларды жыл сайын профилактикалық тексеру жүргізіледі. ДДҰ ұсынған тиімді перинаталдық технологияларды, реанимацияның заманауи әдісін іске асырудың арқасында шала туған балалардың өмір сүру деңгейі 80%-ға дейін артты.


Жаңа технологиялар мен заманауи диагностикалық және емдік аппаратураларды, өкпе тінінің жетілуіне арналған дәрілік заттарды пайдалана отырып, жаңа туған нәрестелерді реанимациялау және қарқынды емдеу әдістері енгізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #туу #демография
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);