AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жүзге жуық қазақстандықты визалық жеке компания са...

Жүзге жуық қазақстандықты визалық жеке компания сан соқтырған

Заң мен тəртіп 01.11.2021, 14:51 1,025
Жүзге жуық қазақстандықты визалық жеке компания сан соқтырған
Сурет: Inform.kz

Елде алаяқтық жасау тыйылмай тұр


Жүзден астам отандасымыз жұмыс істеп және шетелде білім алу үшін АҚШ-қа баруды жоспарлаған. Олар Алматы қаласындағы визалық қолдау көрсететін жеке компанияға жүгінеді. Өзара келісім жасап, барлығы құжаттарын тапсырады. Бірақ әлгі мекеме аяқастынан ұшты-күйлі жоқ болып, біраз адам сан соғып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz сайтына сілтеме жасап.


Шетелде білім алу және жұмыс істеуді көздеген Данияр Тоқбергенов те жеке компания өкілдеріне алданып қалғандардың бірі. Айтуынша, визалық қолдау орталығы басшысы екі айдан бері ұстатпай жүрген көрінеді.



«Мен сұраған ақшасын бердім. 428 мың теңгеге арнайы шарт жасастық. Екі ай ішінде Америкалық университеттен шақырту алдым. Тағы 500 мың бер деді, сұрағанын жібердім. Төлемнен кейін олар консулмен сұхбат болатынын айтты. Міне, содан бері қаншама уақыт өтті. Хабар-ошарсыз жоғалды. Ақшам да, виза да жоқ», - дейді қала тұрғыны Данияр Тоқбергенов.



Шетелді аңсаған жастың бірі – Адель Аманова. Айтуынша, тек өзі ғана емес, тағы 100 шақты адам осы компания алдауына түскен. Олардың жалпы шығыны 10 миллион теңгеден асады. Ол шикіліктің барын сезген сәтте бәрі кеш еді. Себебі ақшаны алғандар ізін суытқан. Әлеуметтік желіден өзі іспеттес алданғандарды тауып, полицияға арызданыпты.


Аталған компания өкілдері ресми жауап беруден бас тартқан. Құзырлы органдардың айтуынша қазір сотқа дейінгі тергеу «Алаяқтық» бабы бойынша қозғалған. Алданған адамдар ақшаны қайтарып қана қоймай, сонымен бірге осы іске қатысы бар барлық жауаптылардың қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын сұрайды.



«Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіліп жатыр. Осы уақытқа дейін 40 адам арызданды. Күні кеше екі күдікті іс бойынша қамауға алынды», - дейді қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#виза #компания #алаяқтық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талдықорғанда «Biken Fest» IV халықаралық театр фестивалі өтеді

Бүгін 19:09

«Ән іздеген Асанқайғы»

Бүгін 19:08

Қытайдағы шахтада газ жарылып, 90 адам қаза тапты

Бүгін 17:28

Алматыда із-түзсіз жоғалған Ерзат Егізбайға қатысты тың дерек шықты

Бүгін 15:51

Қайрат Закирьянов жас футболшы Дастан Сатпаевқа арнайы академиялық грант табыстады

Бүгін 15:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);