Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / «Жүз жасаған Жамбыл»   атты іс-шара өтті

«Жүз жасаған Жамбыл»   атты іс-шара өтті

Тұлға 16.09.2021, 04:32 1,498
«Жүз жасаған Жамбыл»    атты іс-шара өтті
Суретті түсірген Қайрат ҚОНЫСБАЙ

Биыл қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл. Атаулы мерейтой және Қала күні қарсаңында Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Жүз жасаған Жамбыл» Open Air жобасы аясында бірқатар іс-шаралар өтті.


Шара қаладағы Жамбыл Жабаев ескерткіші алдындағы ашық алаңда «Жыр алыбы Жамбыл» атты Жамбыл оқуларымен басталды. Қала мектептерінің оқушылары сөз өнерінің шебері Жамбыл Жабаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.



«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің ресми өкілі Гүлсім Сағатбайқызының айтуынша, қала мектептерінің оқушылары, жалпы, өскелең ұрпақ Жамбыл ақынның мерейтойында ғана емес, басқа уақытта да ұлы есімді дәріптеп, өлеңдерін жатқа білу керек. Жамбыл оқуларына қатысқан сөз өнерін түсінетін оқушылар барда ақынның мұрасы мәңгілікке сақталады.


Данияр ӘЛИЕВ, Алматы қаласы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары:



  • Ұлы Жамбылдың шығармашылық мұрасын, өнегелі өмірін насихаттау мақсатында қалалық орта білім оқушылары арасында өткен шығармашылық іс-шараны Алматы қаласы әкімдігіне қарасты «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ұйымдастырды. Осындай рухани шаралар  арқылы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығымен әрбіріміз таныс болуымыз керек. Ақынның рухты көтеретін, Отанға деген махаббатты, елге деген сүйіспеншілікті арттыратын өлеңдері арқылы жастардың бойына рухты қасиеттерді сіңірген жөн.


Сонымен қатар, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы ашық алаң сахнасында жас ақындардың қатысуымен «Жамбыл – менің жай атым...» атты айтыс өтті.  Жобаның негізгі мақсаты – Ұлы Жамбылдың шығармашылық бай мұрасын кең көлемде насихаттау, бүгінгі өскелең жас ұрпақтың айтыс өнері арқылы патриоттық сезімін оятып, отансүйгіштікке баулу. Айтысқа түрлі жас ақындар айтысының жүлдегерлері қатысты.


Бүгінгі іс-шара «Жүз жасаған жүректен...» атты театрландырылған қойылыммен аяқталды. Қойылымды Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актерлері, студенттер мен жас актерлер қойды. 



 


Дархан БАЛАЖАНОВ, жоба ұйымдастырушысы:



  • Негізгі мақсат – Жамбылдың жырын кеңінен насихаттау. Open Air жобасы аясында ашық аспан астында үш жоба өткізілді. Оның бірі – қойылым. Театрландырылған қойылымда ақынның өмірін кезең-кезеңімен көрсеттік. Яғни дүниеге келген кезеңі, бозбала шағы, Сүйінбайдан бата алатын кезі, Айкүміспен айтысы бар. Соңында тоқсанды алқымдаған Жамбылмен қойылымды аяқтаймыз. Шағын қойылымда ақынның өмірін қамтуға тырыстық. Сонымен қатар, ақынның ел-жұртына айтқан өлеңдері мен өсиеттерін кірістірдік.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жамбыл #Мерейтой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пшихаврдың қанды таңы: Мұраттың жүрегінде қалған жара

Кеше 20:44

Алматылық баскетболшылар EYBL «Challenge Cup» турнирінде жүлдегер атанды

Кеше 18:21

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түркия елшісімен кездесті

Кеше 17:54

Алматыда №11 Қалалық емхананың 2025 жылғы жұмысының қорытындысы шықты

Кеше 17:44

Төрехан Сабырхан жартылай финалда мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Кеше 17:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика