AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Карикатура сөйлесін! / Журналист алтын арқалайды

Журналист алтын арқалайды

Карикатура сөйлесін! 14.09.2021, 05:53 1,698 Олжас ЖОЛДЫБАЙ
Журналист алтын арқалайды
Сурет: Кudapostupat.com

Журналист - ақпарат жаршысы


Өткен 8 қыркүйек Дүниежүзілік журналистер ынтымақтастығы күні деп аталады. Демократ Николай Михайловский: «Журналистика қоғаммен бірге өмір сүріп, қоғаммен бірге тыныстайды. Қоғам тірлігінің тамыры қиылса, журналистика да бітіп тынады» депті. Ақпарат жаршылары туралы бірқатар ойларды тарқаталық.


Қазақ журналистикасының мэтрі, жазушы Шерхан Мұртаза «журналистің жегені жантақ, арқалағаны алтын» дейді. Шынында, ақпараттың анық-қанығына көз жеткізеді. Оны өңдеп, редакторлық жасайды. Ой елегінен өткізеді. Сөйтіп барып материалды көпшілікке таратады. Осылайша бір марқаясыз. Қалай марқаясыз? Әрине, нәтиже көргенде.


Әлемге әйгілі ақпарат құралдары бар. Соның негізгілері  Америка Құрама Штаттарындағы New York Tims, Washington Post, Түркиядағы Zaman басылымдары дүниеге танылды. Көпшілік, жаһан журналистері осы аталған ақпарат орындарында қызмет атқаруды көздейді. Өйткені, белді басылымдар болып саналады. Күллі дүние осы ақпарат көздеріне сілтеме жасайды.  


Шетелде әрдайым оқиға орнынан табылатын, ащы шындықты айтатын – тілшілер қауымы. Олар үнемі бұқара мен билік арасында алтын көпір болады. Қарашаның ахуалын айтады. Жай-күйін көрсетеді. Біртіндеп мәселенің шешілуіне атсалысады.  


Отандық журналистиканың алыптары мен мықтылары бізде де бар. Солардың ішіндегі аты аңызға айналған тұлғалар да жетерлік. Мәселен «Айтуға оңай», «Қарекет» бағдарламалары арқылы халқымыздың аяулы ұлына айналған Бейсен Құранбек ағамыз тау тұлға деуге лайық. Бір қырынан қарағанда, улатып-шулатпай, мәселенің шешу жолдарын көрсетіп бергендей. Журналист тек көрсетуші ғана емес, қайта шешімге келтіруші бола алатынын дәлелдеді.


Халыққа өткір ойларымен танымал болған журналист, жақында дүние салған нар азамат Нұртілеу Иманғалиұлының қазақ журналистикасында өз қолтаңбасы қалды. Қалың көрерменге «Арай», «Ой көкпар», «Нұр Тілеу» бағдарламаларымен танымал бола білді. Ханға да, қараға да бірдей сауал тастады. Тік сөйледі, қаймықпады. Кей жерінде сынап та, сыбап та алды. Мұның бәрі елдің сөзі еді.


Ал Амангелді Сейтхан ағамыз қазақтың спорт журналистикасының дара жолын салушы десек, артық айтпағандық болар. Ол да артына өшпес із қалдырды. Қазақ тілінде тұңғыш футболдан коментатр атанды. Қазақи нақышта жүргізді. Халық мақал-мәтелін қолданды. Сөйтіп, ел жадында мәңгі қалды.


Сөз соңында айтарымыз журналист миссиясы неде десек, ол - халыққа сапалы ақпарат жеткізу. Оның әзірлеген мақаласы, жазғаны, жасаған сюжеті, оқыған сөздері көрініп тұрады. Қай заманда да алтынды арқалаған журналист қоғамның айнасы болып қалары һақ.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналист #Ақпарат #жаршы #Әйгілі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52

Екі алтын: Қазақстан триатлоннан Азия кубогында төрт жүлде жеңіп алды

Бүгін 11:35

Қазақстандық студенттер әзірлеген ЖИ жобасы АҚШ-та жеңіске жетті

Бүгін 10:58

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);