AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Журналиске мәртебе берер кез келді

Журналиске мәртебе берер кез келді

Әлеумет 30.09.2021, 06:27 1,473
Журналиске мәртебе берер кез келді
Сурет: Time.kz

«БАҚ туралы» заңда және еліміздің Еңбек кодексінде журналистердің мәртебесі туралы бап жоқ.


Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп осы мәселе бойынша Премьер-Министрге сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Журналистің қоғамдағы орны заң жүзінде анықталмаған. Салалық заңда журналистердің құқықтары мен міндеттері ғана жазылған. Сенатордың айтуынша, мұның бәрі журналистердің өте жауапты және қауіпті жұмысын ескермеу.



«Еліміздегі БАҚ туралы заңда және Еңбек кодексінде журналистердің мәртебесі мен кепілдіктері туралы ешқандай бап жоқ. Анығырақ айтсақ, БАҚ туралы заңның 20-бабындағы 10 құқығы мен 21-бабындағы 5 міндеті ғана жазылған. Еңбек кодексінде мәртебе жөнінде бір ауыз сөз, тіпті журналистердің еңбек ету құқықтары деген бөлім де жоқ», – деді Нұртөре Жүсіп.



Сондай-ақ ақпаратқа қолжетімділікті де жеке реттеу қажет.



«Кейбір шенеуніктер төтенше жағдай кездерінде журналистердің сұрағына кәсіби деңгейде жауап беруге дайын болмай жатады. Кәсіби қызметін атқарып жүрген тілшіге кедергі келтіру – халықты мемлекеттік ақпарат алу мүмкіндігінен айыру деген сөз. Көршіміз Ресейдегі жағдай мүлде басқаша. Журналистердің кәсіби міндетіне кедергі келтіргендер, журналистерге шабуыл жасағандар 6 жылға дейін түрмеге қамалатын арнайы бап та енгізілген», – деді ол.



Сонымен қатар депутат журналистерге полицейлерге жасалғандай жағдай неге жасалмайтынын сұрады.


Оның айтуынша, пандемиядан 200-ге тарта журналист пен жазушы өмірден өтті. АҚШ-та журналистердің жалақысы жылына 28 мыңнан 75 мың долларға дейін жетеді. Ал бізде бір жылда табатыны 3-4 мың доллар шамасында ғана. Түркия, Әзербайжан сияқты елдердің де бізден көш ілгері.



«Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Отандық масс-медиа "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының пәрменді құралы болуы тиіс. Журналистерге сот, прокуратура, ішкі істер, адвокат, нотариус сияқты нақты мәртебе беретін кез келді. Ақпарат саласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жоспарын жаңадан жасау қажет. БАҚ-тың ықпалынсыз қоғамды демократияландыру мүмкін емес. Сондықтан журналистерді арнайы әлеуметтік мәртебе арқылы қолдауды ұсынамыз. Ол үшін "Журналист мәртебесі туралы" арнайы заң қабылдау қажет деп ойлаймын», – деді Нұртөре Жүсіп.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналист #мәртебе #депутат #жүсіп #сенатор #кодекс #БАҚ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«AMANAT» партиясы экологиялық акция аясында 300-ден астам алматылық жасты біріктірді

Кеше 17:42

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Кеше 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Кеше 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Кеше 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Кеше 17:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);