ffin.kz

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (17 – 24 наурыз)

ЖҰЛДЫЗ-ЖОРАМАЛ (17 – 24 наурыз) Яндекс.Дзен

ТОҚТЫ (21.03 – 20.04) Апта басында Тоқтылар өздерін әлсіз сезінуі мүмкін. Айналадағылардың бәрі қарсы тұрғандай көрінеді, шын мәнінде олай емес. Сұлулық қарап тұрған адамның көзінде дейді. Елдің шабуылына жауап беруге іштей дайын жүрсеңіз, олар расымен де сізге тиісе бастайды. Барлығына жеңіл қарауды, адамдарға сенім артуды үйреніңіз.


ТОРПАҚ (21.04 – 21.05) Бұл апта сіздер үшін инвестиция күндері болмақ. Бұл белгі иелері болашақта жақсы табыс алып келетін жеке ісін ашуы мүмкін. Алайда, уайымға батуыңыз да ғажап емес. «Қолымнан келмейді» деп ойлауыңыз мүмкін. Бұл бар болғаны ешқандай негізі жоқ ішкі қорқыныштар ғана.


ЕГІЗДЕР (22.05 – 21.06) Демалыс күндері бірқалыпты өтпек. Әрине, олар да болашақ жайлы ойлап, түрлі жоспар құрады. Бірақ жұлдыздар өз ойларыңызды жүзеге асыруда асықпауға кеңес береді. Егіздерге тек бір кеңес беруге болады. Айналаға жіті қараңыздар. Онда сізге көмек қолын ұсынуға әзір адамдар бар. Алайда, сіз оларға емес, екіжүзді адамдарға энергияңызды көп жұмсап жүрсіз.


ШАЯН (22.06 – 22.07) Демалыс күндерінде абыройыңыздың шарықтауына дайын болыңыз. Бар потенциалыңызды жүзеге асыратын уақыт келді. Шабыт пен шығар- машылық бойыңызды билеп, бұл көңіл-күй өз ісіңізді табуға немесе мансап баспалдағымен көтерілуге көмектеседі. Күнделікті жұмысыңыз өзіңізге ләззат сыйлайтынын естен шығармаңыз.


АРЫСТАН (23.07 – 21.08) Аптаның алғашқы күндерінде өзіңізді өзгертуге мән беріңіз. Шаш үлгісін өзгертуге, диетаға отыруға ең қолайлы апта. Жұмыс күндері сәттілік сізден теріс айналуы мүмкін. Оған бола уайымдамаңыз, сәттілік қайта серігіңіз болып, ақшаға кенелетін боласыз.


БИКЕШ (22.08 – 23.09) Бұл апта сіздер үшін маңызды болмақ. Ойдағының бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Алайда, ол үшін қажырлы еңбек қажет. Бұл белгі иелері бұған тек қуанады, себебі тағдырдың сыйларын қашан да қырағы көзбен қабылдайды. Тағы бір атап өтетін жайт, алғашқыда сәтсіздікке тап болсаңыз, салыңыз бірден суға кетпесін.


ТАРАЗЫ (24.09 – 23.10) Бұл күндерде жұмыста қателік жібермеуге тырысыңыз. Сондай-ақ, бұл белгі иелеріне сынды жылы қабылдауға кеңес беріледі. Адамның барлығы сізге жау емес. Жағымды жаңалық, барлық та- разыларға екінші жартылары романтикалық тосын сый жасайды. Ал жалғызбасты адамдар осы күндері өмірлік серігін кездестіруі әбден мүмкін.


САРЫШАЯН (24.10 – 22.11) Сарышаяндарға жұмыс бойынша өте тиімді ұсыныс түседі. Оған таңқалудың немесе қандай да астар іздеудің қажеті жоқ. Тағдыр сізге жаңа өмір бастауға мүмкіндік береді, алайда жоспарларыңызды наурыз айының соңына дейін жүзеге асыруға кеңес беріледі. Сондай-ақ, Сарышаяндарға шамадан тыс жұмыс істеп, ауырлық түсірудің қажеті жоқ. Эмоционалды шаршау мен неврозды болдырмау үшін күніңізді алдын ала жоспарлаңыз.


МЕРГЕН (23.11 – 21.12.) Мергендер айдың көп бөлігін оңашада өткізгені дұрыс. Маңызды істерді алдыңғы орынға қоюға көмектеседі. Сондай-ақ, потенциалыңызды ашуға кедергі келтіріп жүрген ішкі қорқыныштарыңыздан арыла аласыз. Таңдау жасайтын сәт келгенде ішкі түйсігіңізге құлақ асыңыз.


ТАУЕШКІ (22.12 – 20.01) Тауешкілер үшін бұл апта оңайға соқпайын деп тұр. Тағдыр тағы да сіздің төзімділігіңізді сынайды. Жоғарғы күштер сіздің биік шыңға шығатыныңызға, алайда оған бойыңыздағы жалқаулықтың кері әсері тиіп тұрғанына сенімді. Апта соңында қомақты қаржыға ие болуыңыз мүмкін. Ақшаны ақылмен жұмсауға кеңес беріледі.


СУҚҰЙҒЫШ (21.01 – 18.02) Соңғы уақытта Суқұйғыштар ештеңеге қуанбайды. Олар өміріндегі жақсы дүниелерді байқаудан қалып барады. Мұңаюды қойып, жаңа өмірдің есігін ашуға болатын сәтті жіберіп алмаңыз. Дәл осы наурыз айында болатын кездейсоқтықтар кездейсоқтықтан емес. Тағдыр қолыңыздан жетелеп, жеңіске алып келеді.


БАЛЫҚТАР (19.02 – 20.03) Наурыз ғашықтық сезімін бастан өткеріп жүрген Балықтар үшін оңайға соқпайды. Олардың бар ойы сүйіктісінің ыңғайы болмақ. Бірінші кезекте өзіңізді ойлауға кеңес беріледі. Осы аптада байып кетуге мүмкіндігіңіз жоғары. Ол үшін алдымен серігіңізден ажырап, іске кірісу керек. Жеке өмір мен жұмыстың арасында үндестік табуға тырысыңыз.


Әзірлеген Ақтолқын ҒАЛЫМҒАЗЫҚЫЗЫ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04

11:51

11:00

10:53