Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жүктілік және босануға қатысты асыра төлем алған 1...

Жүктілік және босануға қатысты асыра төлем алған 113 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Әлеумет 27.02.2025, 17:48 925
Жүктілік және босануға қатысты асыра төлем алған 113 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Islam.kz

Жүктілік және босануға қатысты асыра төлем алған 113 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

— 2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 958 млрд теңге сомасына 1,4 млн азаматқа төлемдер жүргізілді. 15 өңірде жүйеге қатысушыларға төленетін төлемдер көлемі Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік аударымдар түсімінен асып түсті. Тек бір ғана әлеуметтік төлемнің максималды мөлшеріне шектеулер жоқ — бұл жүктілік және босануға қатысты төлемдер. Сондықтан жекелеген азаматтар жасанды түрде ұлғайтылған төлем мөлшерін алу үшін заңнамадағы олқылықтарды іздестіруде. Бұл осы жүйеге адал қатысушылардың әлеуметтік аударымдарын қайта бөлуде әділетсіздікке әкеп соғады, — деді министр.

Оның дерегінше, қазіргі уақытта 113 алушыға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Олардың келтірген залал сомасы 158,4 млн теңгені құрады. 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 1,5 мыңға жуық алушы өз еркімен табысының жасанды өсірілгенін растады. Осылайша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры активтері 3,4 млрд теңге сомасында сақталды.

— Министрлік заңнамалық бастамалар топтамасын әзірледі. Оларды іске асыру алдағы 10 жылға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржылық тұрақтылығының көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді, — деді Светлана Жақыпова.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#төлем #жүктілік #заң #Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Бүгін 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Бүгін 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика