Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жолдарды жөндеу және автобустарды жаңарту...

Жолдарды жөндеу және автобустарды жаңарту...

Әлеумет 19.01.2024, 03:12 927
Жолдарды жөндеу және автобустарды жаңарту...
almaty-akshamy.kz

Алматы әкімімен кездесуде қала тұрғындары айтқан мәселелер қалай шешіліп жатыр


Алматы әкімі Ерболат Досаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуінен кейін әкімдіктің баспасөз қызметі алдыңғы кездесу барысында берілген тапсырмалардың қалай орындалып жатқанын хабарлады.


Аудан тұрғындары қоғамдық көліктің ескі екеніне шағымданды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша №8, 13, 17, 38, 46, 47, 69 маршруттағы автобустар жаңартылды. Барлығы 130 автобус. Мысалы, №17 маршруттағы ISUZU маркалы 8 метрлік автобустар 2023 жылғы ZhongTong маркалы 10 метрлік автобустарға ауыстырылды. 



Сонымен қатар, тұрғындар белгілі бір аумақтардағы жолдарды жөндеу мәселесін көтерді. Өткен жылы Рысқұлов даңғылынан Алматы-1 теміржол вокзалына дейінгі Сейфуллин даңғылында полимерлі қоспаларды қолдана отырып, ұзындығы 5,4 шақырым жол жабынына орташа жөндеу жүргізілді. «Vision Zero» бағдарламасы аясында тротуарлар ішінара жөнделіп, арық науалары ауыстырылып, қауіпсіздік аралдары орнатылды. Әрі Арал және Байрон көшелерінің аумағына асфальтбетон жабыны төселді.



«Қайрат» шағын ауданында кейбір тұрғын үйлер мен мектепке баратын жолдарда шағым бар. Жөндеу аясында ұзындығы 3 км учаскеде асфальтбетон жабыны төселіп, жаяу жүргіншілер тротуарлары жабдықталды.


Бұған қоса, қала әкімінің тапсырмасымен аудандағы Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай, Майлин, Шолохов, Ақан сері сынды 5 магистральдық көше бойында ұзындығы 23 км техникалық тротуарлар жасалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әкім #тапсырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АБАЙТАНУШЫЛАР СИМПОЗИУМЫ ӨТТІ

Бүгін 19:50

Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі

Бүгін 18:42

Зейнеткерлерге қай ел жайлы?

Бүгін 17:39

Алматыда Жамбыл атындағы кітапхананың мерейтойы мен ақынның 180 жылдығы аталып өтті

Бүгін 17:27

Табысы төмен отбасыларға ақша беріледі деген рас па?

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі