конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жол жиегімен жүруге болмайды

Жол жиегімен жүруге болмайды

Заң мен тəртіп 20.05.2024, 12:00 782
Жол жиегімен жүруге болмайды
Сурет: Polisia.kz

Алматы облысында полицейлер жол жиегімен жүретін жүргізушілермен күресуде.

Облыстық департаменттің бастамасымен “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер өңірдің автоблогерлерімен бірлесіп жол жиегімен жүретін және қарсы қозғалыс жолағына шығып жүретін жүргізушілерді анықтау бойынша арнайы жұмыс жүргізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы облысының полицейлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кезекті жұмыстарды жүргізуде. Аталған іс-шара автокөлік құралдарының ағынына байланысты жол қозғалысы қиындаған Талғар, Іле және Қарасай аудандарында жүргізіліп жатыр. 

"Департаменттің ведомстволық парақшасына жол жиегі арқылы кептелістерді айналып өтетін және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығатын жүргізушілер туралы шағымдар жиі түседі. Осы сұрақтарды пысықтау мақсатында патрульдік полиция жасақтары автоблогерлермен бірлесіп, осындай құқық бұзушыларға қатысты мақсатты профилактикалық, сондай-ақ пәрменді шаралар жүргізуде. Себебі, мұндай жол қозғалысы ережелерін бұзудың салдары ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін", – деді Алматы облысы ПД ППБ командирі Дархан Байшоинов. 

Жыл басынан бері көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзғаны үшін 518 хаттама толтырылды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы облысы #жол жиегімен жүретіндер #Күрес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Құрылтай сайлауынан жақсылық күтеді – қоғамдық пікір зерттеуі

Кеше 17:14

Алатау ауданы Алматыдағы өнеркәсіп өндірісінің 44%-дан астамын қамтамасыз етіп отыр

Кеше 17:05

Алматыда Спорт күніне орай ауқымды спорттық іс-шаралар бағдарламасы өтеді

Кеше 16:31

Алматыдағы үлкен кәсіпорындар сайлауға қатысуға шақырды

Кеше 16:21

Сайлау учаскеңізді қалай табасыз?

Кеше 15:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);