Жол ережесіндегі өзгерістер: жаңа айыппұлдар туралы не білу керек?

  • 11:25, 25 маусым 2025
Жол ережесіндегі өзгерістер: жаңа айыппұлдар туралы не білу керек? Сурет: ЖИ

Кейінгі уақытта әлеуметтік желіде тараған жаңа айыппұл түрлері көлік жүргізушілерінің назарын аударды. Жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мақсатында Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне енгізілген өзгерістер елдің талқысына түсті. Олардың арасында жалғаны да, таңғалдырғаны да бар. Сонымен, жүргізушілер кейінгі айтылған ережелерден нені білуі керек? Аqshamnews.kz тілшісі зерттеп көрді. 

Көлік терезесінен қолын шығарғандарға айыппұл салынатыны рас па?

2025 жылдан бастап жолаушылардың көлік терезесі не люгінен дене мүшелерін шығаруы, қозғалыс кезінде есік ашқаны үшін жүргізушіге 10 АЕК (39 320 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бұл норма бұрын да болған, бірақ айыппұл қарастырылмаған еді.

Мұндай шара жастардың үйлену тойы мен мектеп бітіру кештерінде қауіпсіздікті елемей, көлік терезесінен шығып кету жағдайларынан кейін қабылданған. ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, бұл ереже азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.

Мәселен, егер көлік қозғалып тұрған кезде жолаушының қолы, басы көлік шекарасынан шығып, қауіп төндірсе – бұл заңбұзушылыққа жатады. Мұндай жағдайда жауапкершілік жүргізушіге де, жолаушыға да жүктеледі. ІІМ түсіндіруінше, темекі шегу үшін терезе ашып, қолды сәл шығарғаны үшін бірден айыппұл салынбайды.

Жылдамдықты 60 км/сағ-тан асырғандарға — 157 мың теңге айыппұл

2025 жылдан бастап жылдамдықты сағатына 60 км/сағ және одан да көп мөлшерде асырған жүргізушілерге 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл — 157 280 теңге.

ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, қала маңындағы трассаларда орнатылған орташа жылдамдықты бақылау жүйелері арқылы 15 мыңнан астам осындай бұзушылық анықталған.

Қарсы жолаққа шыққандар 9 айға куәліктен айырылады

Қарсы бағытқа шығу ережесі де күшейтілді. Егер бұрын мұндай әрекет жол-көлік оқиғасына әкелмесе – жүргізуші 6 айға жүргізуші куәлігінен айырылатын. Ал енді егер қарсы жолаққа шығу апатқа себеп болса, жүргізуші 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылады. Бұл өзгеріс жаза мөлшерінің қауіпке сай болуын қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Айта кетейік, наурыз айында да бірқатар өзгерістер ескертілген еді. Мәселен теміржол өткелінен өту ережесін бұзғандар –  20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді (бұрын 10 еді), ал егер апатқа себеп болса – 9 айға куәлігінен айырылады. Сондай-ақ, жедел жәрдем мен полиция көлігіне жол бермегендерге – 20 АЕК айыппұл салынады (бұрын 7), қайталанса – 40 АЕК және 20 сағат қоғамдық жұмыс (2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:10

15:51

15:20

15:07

14:55

14:31

14:18

13:44

13:25

13:17

13:10

13:03

12:59

12:02

11:48

11:46

11:25

11:22

11:14

11:05

10:47

10:47

10:44

10:31

10:18