AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жоғары сыныптықтарға мобильді қосымша әзірленеді

Жоғары сыныптықтарға мобильді қосымша әзірленеді

Білім және ғылым 11.05.2022, 04:21 1,545
Жоғары сыныптықтарға мобильді қосымша әзірленеді
Сурет: Google.com

Ол болашақ мамандықты таңдау барысында жастарды қолдауға бағытталған.


Қосымша жастарға республиканың оқу орындары, мемлекеттік және басқа да гранттық бағдарламалар туралы толық ақпарат алуға, сондай-ақ өңірлердегі бос жұмыс орындары туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында «Кәсіптік бағдар беруге, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» жобасы таныстырылды.


Қазақстан Студенттер альянсының президенті Ілияс Түстікбаевтың айтуынша, гранттық жоба аясында елімізде алғаш рет  талапкерлерге қажетті ақпарат жиналған қосымша пайда болады.



«Бізге талапкерлер тарапынан ЖОО, колледж сайттарына шағымдар көп келеді. Жастар өздеріне қажетті ақпаратты таба алмайтындығын, кейбір сайттардың құрылымы өте күрделі екендігін айтады. Осыны ескеріп, біз биыл жаңа қосымшаны әзірлеуді ұйғардық. Онда еліміздің жоғары оқу орындары, колледждері, мемлекеттік және басқа да білім беру гранттары, стипендиялар, сондай-ақ, аймақтардағы бос жұмыс орындары туралы ақпарат ұсынылады. Қосымшаны әзірлеу мақсатында біз «Атамекен» ҰКП, ҚР Білім және ғылым министрлігі, университеттер, колледждер, білім басқармалары, өңірлердің жұмыспен қамту орталықтарының мамандарын жұмысқа тартуды жоспарлап отырмыз. Біздің қосымшамыз жоғары сынып оқушыларына болашақ мамандығын, оқу орнын таңдауға көмектеседі деп ойлаймыз», - деп атап өтті Ілияс Түстікбаев .



Жаңа қосымша мемлекеттік және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Жобаны ұйымдастырушылар оны алдағы бір-екі ай ішінде іске қосуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік,  «Кәсіптік бағдар беруге, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері туралы ақпараттандыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру» жобасы 2022 жылдың соңына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мамандық #қосымша #грант
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы көшелерінде этноансамбль өнер көрсеткен музыкалық автобус жүріп өтті

Бүгін 11:28

Елена Рыбакина Майами турнирінің төртінші айналымына өтті

Бүгін 10:56

«Жыраулар жолымен» жыр жобасы әлемдік рекордтар тізіміне енді

Бүгін 10:10

Гимнаст Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды

Бүгін 09:27

Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады

Бүгін 08:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика