ffin.kz

Жоғары оқу орындарында Ұлт ұстазының атындағы шәкіртақы тағайындалуы мүмкін

Жоғары оқу орындарында Ұлт ұстазының атындағы шәкіртақы тағайындалуы мүмкін Сурет: E-history.kz

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған іс-шаралар әлемдік деңгейде атап өтілуде.


Бұл туралы бүгін Ахмет Байтұрсынұлына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мәлім болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Конференция барысында Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы ұлттық күн тәртібінде тұрған ұлт руханияты үшін ауқымды тақырыптардың бірі екенін атап өтті.



«Халқымыз өзінің тарихында ерекше орны бар екі тұлғаны «Ұлт ұстазы» деп ардақтаған. Алдымен, әрине, ұлы Абайды айтамыз. Одан кейін Ахмет Байтұрсынұлының есімі аталады. Алаш көсемі, қазақтың біртуар перзенті Ахмет Байтұрсынұлының туғанына биыл 150 жыл толып отыр. Бұл мерейтойды ЮНЕСКО деңгейінде атап өтеміз. Тәуелсіздік ұлтымыздың жадын жаңғыртып, тарихи тамырымыздан қайтадан нәр алуымызға жол ашты. Бұл ретте ұлт ұстазының еңбегін зерделеп, оны мол мұрасын ұрпақ санасына сіңіру баршамызға ортақ міндет», - деді Е. Қарин.



Бұл орайда Мемлекеттік хатшы осыдан бір ғасыр бұрын қазақ халқы ұлт зиялыларының бастамасымен ғалымның 50 жылдығын атап өткенін еске салды.



«Содан бері тура бір ғасыр өтіп отыр. Бір ғасырдан кейін де Ахаң тағы да ұлтты ұйыстырып, ұлт зиялыларын бір жерге жинап отыр. Бұл да ұрпақтар сабақтастығының бір белгісі. Бүгін, міне, Ахаң аңсаған тәуелсіз елдің ұрпақтары оның 150 жылдық мерейтойында бас қосып отыр», - деді Ерлан Қарин.



Сонымен қатар ол Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ұлт болып сақталып қалуы үшін тілге айрықша мән бергенін атап өтті.



«Оның: «Егерде біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда, тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлауымыз керек» деген сөздері – соның айқын дәлелі. Ахаң ұлттық әліпбиімізді әзірлеп, оқулықтар жазды, тіл ғылымына түрен салды. Тілдің ұлтты сақтаудағы орасан зор маңызын жұртымыздың санасы сіңіре отырып, қазақ тілін ғылымға бейімдеді. Осы тарихи еңбегінің арқасында ол қазақ тіл білімінің атасы, ұлт ұстазы атанды. Ахаң негізін қалаған тіл ғылымы оның есімін атауға тыйым салған кеңес дәуірінде де жаппай қолданыста болды», - деді Ерлан Қарин.



Оның сөзіне қарағанда, тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарында А.Байтұрсынұлы енгізген терминдер мен ұғымдар ешқашан өзектілігін жоғалтпайды.



«ЮНЕСКО көлемінде және еліміздің барша өңірінде өткізілетін мерейтой шараларына баршамыз белсене атсалысуымыз қажет. Парижде және Ыстанбұлда арнайы іс-шаралар ұйымдастырылады. Түркістанда халықаралық конгресс өтеді, басқа да жұмыстар жоспарланған. Соның бәрінде Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасы мен қайраткерлік қызметі дәріптеліп, лайықты баға беріледі деп ойлаймын», - деді Мемлекеттік хатшы.



Сондай-ақ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушы қазақ және шетелдік ғалымдар ахметтанудың қазіргі өзекті мәселелерін айта отырып, алдағы уақытты атқарылуы тиіс мәселелерді көтерді.


Бұл конференция қарарынан көрініс тапты:


- Ахмет Байтұрсынұлының өмірбаяндық деректерін толықтыру үшін Қазақстандағы және шетелдегі архивтерге ғылыми іс-сапарлар ұйымдастыру;


- Ғалымның толық академиялық шығармалар жинағын әзірлеу, шығару және тарату;


- Еңбектерін шет тілдеріне аудару, халықаралық кеңістікке таныту;


- «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбөлгісін әзірлеп, тіл және жалпы қоғамдық-гуманитарлық сала мамандарына марапаттау;


- Жоғары оқу орындарының студенттері үшін «Ахмет Байтұрсынұлы» атындағы стипендия тағайындау. Осы орайда қарар жобасы конференция қорытындысында оқылып, талқыға салынып бекітілді.




Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:49

19:41

19:12

18:48

18:07

17:47

17:35

17:26

17:11

17:05

16:50

16:49

16:40

16:12

16:09

15:16

15:15

15:03

14:58

13:55

13:53

13:51

13:37

12:51

12:15