Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жобалаудың әлемдік тәжірибесі

Жобалаудың әлемдік тәжірибесі

Әлеумет 22.02.2023, 19:43 851
Жобалаудың әлемдік тәжірибесі
суретті түсірген - Қ.Қоныспаев

Сенаторлар Алматы қаласының бас жоспарын әзірлеудің жаңа тәсілдерімен танысты


Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаттары Алматы қаласының Бас жоспарының жобасымен танысты. Депутаттарға бас жоспарды әзірлеу тәсілінің басты жаңалығы – озық цифрлық технологиялар мен жобалаудың әлемдік тәжірибесін пайдалану болғандығы туралы айтылды. Сенаторларға сондай-ақ, құрылыс құрылымдарының жалпы жай-күйін алдын ала тексеру және бағалау үшін жылжымайтын мүлік объектілеріне паспорттау жүргізілгені туралы хабарланды.


Сенат депутаттары Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті басшысының мін­детін атқарушы Ерлан Әлібековтің баяндамасын тыңдады. Ол жер сілкінісі кезінде халықты іс-әрекет­ке дайындау жүйелі түрде жүргізіліп жатқаны туралы айтты. Өткен жылдың 2 желтоқсанында жоспар бойынша мегаполистің 600 нысанында жалпы қалалық сейс­микалық жаттығу өткізілді және оған 760 мыңнан астам Алматы тұрғыны қатысты. Ағымдағы жылы жалпы қалалық сейсмика­лық жаттығулар сәуір және қыркү­йек айларына жоспарланған.



Сенатор Ғалиасқар Сарыбаев халықпен жиі жұмыс жүргізу, оның ішінде зардап шеккендерді қабыл­дау пункттері бойынша ТЖД қыз­меті жөнінде ақпараттық-түсінді­руді қолға алу қажеттігін атап өтті. Ал депутат Жанна Асанова Алматы қаласының барлық тұрғындары мен қонақтары қажетті ақпаратқа ие бо­луы үшін «Дәрмен» интернет-қо­сымшасын өзектендіруді ұсынды.


Сонымен қатар, сенаторларға Дағдарыс орталығының жұмысы, сел қаупінің автоматтандырылған мониторингі жүйесі және «Арал» хабарландыру жүйесі көрсетілді.



Сенаторлар Төтенше жағдай­лар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының қызмет­керлерімен маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, сейсмоло­гия институтында да болды.


«АҚШАМ-АҚПАРАТ»

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сенаторлар #басжоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Алғыс айту күнінің жастар үшін маңызын түсіндірді

Бүгін 14:23

Алматыдағы алғыс айту күні – ұлтты ұйыстырар мереке

Бүгін 12:53

Алматыда алғыс айту күнін қалай атап өтіп жатыр

Бүгін 12:45

Алматыда №221 маршруттың жүру тәртібі өзгереді

Бүгін 12:17

Қазақстандық ғалымдар құс етін 20 тәулікке дейін сақтайтын инновациялық технология жасады

Бүгін 11:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі