Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Жетісуда QazVac вакцинасының 1 млн дозасы құйылады

Жетісуда QazVac вакцинасының 1 млн дозасы құйылады

Медицина 17.09.2021, 05:54 780
Жетісуда QazVac вакцинасының 1 млн дозасы құйылады
Сурет: Gov.kz

Вакцинаны құю дайындықтары ағымдағы жылдың сәуір айынан бастау алған. 


 Алматы облысында QazVac вакцинасын құя бастайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы «Антиген» ҰКП ЖШС алаңында “QazVac” вакцинасының 1 млн. дозасын құю жоспарланып отыр», – делінген Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Бүгінде итальян өндірісінің аппараты бір минут ішінде 60 құтыға вакцина құя алады. Әр құтыда 3 дозадан. Шілде айынан бері 300 мың дозасы құйылды. Бұл жұмыс барысын және құрал-жабдықтарды тексеруге арналған валидациялық серия. Сонымен қатар өндірістік шығарылым барлық талаптарға және асептикалық өндірістің санитарлық нормаларына сәйкес келеді. Барлық құрал-жабдықтар Еуропа, Америка және Қытайдан әкелінді. Осылайша сапаның халықаралық стандарттары кәсіпорынға жоғары техникалық дәрежеге жетуге серпін береді.



 «Антиген» ЖШС-на "Жетісу" ӘКК арқылы 420 млн. теңге қаржыға лизинг негізінде 13 бірлік заманауи техникалық құрал-жабдық сатып алынды. Аталған жобаның жүзеге асуы ҚР Үкіметінің тікелей бақылауында. Алаңға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бірнеше рет келіп, дайындық барысын тікелей бақылауда», - дейді облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов.



Өз кезегінде «Антиген» ҰКП ЖШС директоры Нұрлан Ахметсадықов бүгінгі күні 300 мың доза құйылған вакцина биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми зерттеу институтында екенін айтты.



«Зерттеулер аяқталуға жақын. «Антиген» ЖШС алаңында құйылған вакцина тек толық тексерістен өткеннен кейін барып қана қолданысқа енгізілетінін айта кеткен жөн», - деп атап өтті директор.



Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, отандық сапалы QazVac вакцинасы дайындалды. Өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру мақсатында Премьер-Министр Асқар Маминнің қадағалауымен өткен жылдың 12-ші маусымында биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты базасында биофармацевтикалық зауыттың құрылысы басталды. «Антиген» ҰКП ЖШС биофармацевтикалық зауытты қосқанда биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының базасындағы екінші өндірістік алаң болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#вакцина #екпе #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы қолайсыз

Бүгін 08:40

Тоқаев: 15 наурыз - Конституция күні болып белгіленеді

Бүгін 02:19

Жас та, кәрі де, мәдениет пен спорт жұлдыздары, батырлар, суперқаһармандар және қарапайым қала тұрғындары: Алматыда референдум қалай өтті?

Бүгін 00:44

Жаңа Конституцияға қатысты референдум: экзитпол нәтижесі жарияланды

Бүгін 00:24

Алматы тарихи күнді қорытындылады: Конституцияға қатысты референдум қалай өтті?

Бүгін 00:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика