ffin.kz

Жетісу өңірінде логистикалық хаб ашылады

Жетісу өңірінде логистикалық хаб ашылады Сурет: Rbc.ru

Бұл хаб 1500 адамға жұмыс береді.


Алматы облысында А+ класты автоматтандырылған, алаңы 200 мың шаршы метр болатын Қазақстандағы ірі логистикалық хаб салынады. Соның нәтижесінде облысқа 200 млн АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 1,5 мың жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс әкімі Қанат Бозымбаев пен «AIRBA FF» ЖШС Директорлар кеңесінің төрағасы, «Технодом» компаниясының негізін салушы Эдуард Ким осындай меморандумға қол қойды. 


Кездесуде Қанат Бозымбаев осы ірі инвестициялық жобаны іске асыру өңірдің логистикалық әлеуетін дамытып қана қоймай, тұтастай алғанда облыс экономикасына мультипликативті нәтиже беретініне атап өтті.



 «Бұл - бұрын Алматы облысында болмаған өте тартымды әрі маңызды жоба. Заманауи цифрлық технологияларды қолдану  ерекшелігін ескерсек, нағыз жаңа дәуірге лайық деуге болады. Біріншіден, біздің аграрлық саладағы шаруашылықтарымыздың өз өнімін өткізуіне жағдай жасайды. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешеніндегі өнім көлемінің 28-30%-ін Алматы облысы өндіретінін ескерсек, бұл - біз үшін үлкен мүмкіндік. Екіншіден, шағын және орта бизнесті қаржылай қолдауға жаңа мүмкіндіктер ашады. Сонымен қатар инвестор компания Талдықорған қаласындағы колледждердің бірінің базасында ІТ мамандар дайындайтын оқу орталығын ашады. Бұл цифрлық машықтарын жетілдіріп, дуальді оқытуды дамытуға ықпал етеді. Әрине, өңір экономикасы үшін салық түсімдері де маңызды. Дегенмен біз үшін халықтың мүддесі алдыңғы орында. Кешен 1500 адамға жұмыс береді. Нысан орналасатын Іле ауданында 300 мыңнан астам адам тұрады, ал облыстағы халық саны 2 млн 200-ге жетті. Логистикалық кешен жаңа жұмыс орындарының ашылуына, заманауи технологиялар мен қаржылай қолдау құралдары аясының кеңеюіне жағдай жасайды. Жобаға барлық кезеңінде барынша қолдау көрсететін боламыз», - деді ҚанатБозымбаев.



Қол жеткізілген келісімге сәйкес, маңызды инвестициялық жоба алдағы 5 жылда бірнеше кезеңмен іске асырылады. 


Кешен Іле ауданында орналаспақ. 


Өзінің негізгі функциясымен қатар нысан клиенттер тарту мен өнімдерді орналастыруға арналған «Airba Marketplace» онлайн-сөресін пайдалануға жағдай туғызады. Сол сияқты «Airba Fintech»  онлайн-платформасының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеңілдікпен қаржыландыру мен айналым қаржысын толықтыруға қол жеткізе алады, өз тауарларын делдалдардың қатысуынсыз ірі сауда желілерінде сату жөніндегі келісімшарттар жасаса алады, ал жас мамандар тұрғын үй сатып алуға немесе баспана жағдайын жақсартуға қолжетімді ипотека ала алады. Бұл қызметтерге жүгіну үшін қаржы институттарына барудың, мәліметтерді қағаз жүзінде апарудың қажеті жоқ, қызметтер онлайн-режимде көрсетіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04