Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жер учаскесіне кезектің қалай жылжып жатқанын онла...

Жер учаскесіне кезектің қалай жылжып жатқанын онлайн қадағалауға болады

Әлеумет 02.03.2022, 05:37 1,977
Жер учаскесіне кезектің қалай жылжып жатқанын онлайн қадағалауға болады
Inform.kz

2022 жылдың 1 наурызынан бастап egov.kz электрондық үкімет порталында жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою қызметі іске қосылды. Осының арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, оның қозғалысын онлайн режимде бақылай алады, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Мемлекеттік жер кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде кезекте тұрғандар тізілімі сервисі алынған өзекті деректерді ескере отырып, жетілдірілген «жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» жаңа жүйесіне көшірілді.


Ашық және бірыңғай форматта тізілімді құрудың мақсаты бизнес-процестерін автоматтандыру есебінен көрсетілетін қызметті алушылардың кезекке қою, өтініштер беру, нәтижелер алу және өз кезегін онлайн қадағалау процестердің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.


Нәтижесінде халықтың кезектің жүруі туралы ақпаратқа, оның ашықтығы және жер учаскелерін беру жөнінде қабылданған шешімдерден хабардар болмауы мәселелері шешіледі.


Жүйе енгізілгенге дейін ЖТҚ үшін жер учаскесін алу үшін кезекке тұру үшін қазақстандықтар жергілікті атқарушы органдарға жүгінді.


Бұл ретте жерді тек өз өңірінен ғана таңдай алатын, ал кезекте тұрғандардың тізімі әкімдіктерде сақталған.


Енді кезек электронды, ашық және барлығына қол жетімді болады. Қазақстандықтар жер теліміне үміткер бола алады, өз кезегінің қозғалысын бақылай алады және тіркелген жеріне қарамастан кез келген өңірді таңдай алады.


Қызметті egov.kz порталына кіру арқылы пайдалануға болады.


«Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жер қатынастары» бөлімін таңдап, оның ішінде «Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекке қою немесе қарау» (10 сотық жер) қызметін таңдау қажет.


Нәтижесінде кезекке қою туралы куәлік немесе дәлелді бас тарту беріледі.


«Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» АҚ және әкімдіктердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау нәтижесінде құру мүмкін болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #электронды #үкімет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әлемнің кереметтері туралы өз біліміңізді тексеріңіз

Бүгін 21:48

Таяу Шығысқа таяуда бару мүмкін емес: қазақстандықтар енді қайда демалады?

Бүгін 20:25

Болат Мұхамедиевтің «Қолөнер тарихы» атты ретроспективті көрмесі ашылды

Бүгін 20:24

Дархан Сатыбалды Алматы халқына үндеу жасады

Бүгін 18:43

Киік мүйізі сатылатын болды

Бүгін 17:50
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика