AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Жеңіс туы

Жеңіс туы

Мұны білген жөн 08.05.2025, 12:00 969 yakiya
Жеңіс туы
Мәдениет және ақпарат министрлігі

1945 жылдың 30 сәуірінде қан майданның түйінінің дәлелі болып, Рейхстагта Жеңіс туы желбіреп тұрды. Фашистік Германияның бас ғимаратына бірінші болып Жеңіс туын тіккен – қазақ офицері Рақымжан Қошқарбаев болатын.

Рақымжан Қошқарбаев майданға 18 жасында аттанып, Одер мен Шпрее өзендерін басып алуға қатысқан. Берлин үшін болған шешуші шайқаста оның взводы алғы шепке орналасты. Олар алдымен Корольдік алаңға, «Гиммлер үйіне» жетеді. Мұнда лейтенант Қошқарбаевқа тарихи маңызы бар – Рейхстаг ғимаратының үстіне Қызыл Туды көтеру туралы бұйрық беріледі. «Гиммлер үйінен» Рейхстагқа дейінгі қашықтық бар болғаны 300 метр. Бірақ бұл ашық алаң болғандықтан,  жан-жақтан атқылаған оқтардан қорғану керек еді. Осы қашықтықты жауынгер Григорий Булатовпен 7,5 сағатта жүріп өтіп, 30 сәуір күні сағат 18:30-да Рейхстагтың алдына Қызыл Ту тігілді.

Ерен ерлігі үшін үшін Рақымжан Қошқарбаев Қызыл Ту орденімен, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Жауынгерлік Қызыл Ту және «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1999 жылы «Халық қаһарманы» атағы берілді.

Соғыстан кейін Рақымжан Қошқарбаев Алматы қаласы Халық депутаттары Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол соғыс ардагерлері комитеті мен кеңес-герман достық қоғамының Қазақ бөлімшесі төралқасының мүшесі болды. Соғыстағы естеліктері туралы «Жеңіс туы», «Дауыл: 1410-шы күн» кітаптарын жазды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жеңіс #ту #Рақымжан Қошқарбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);