Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жауынның салдарынан Алматы облысының бір ауданын с...

Жауынның салдарынан Алматы облысының бір ауданын сел басты

Оқиға 22.07.2023, 08:15 1,210
Жауынның салдарынан Алматы облысының бір ауданын сел басты
Сурет: ТЖМ

Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.


Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қараарша ауылының Дегерес ауылдық округі елді мекенінде нөсер жауын-шашынның салдарынан еңіс ағын болғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Алматы облысы ТЖД, сондай-ақ Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарынан 30 адам және 2 техника күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына барғаннан кейін жауын-шашынның салдарынан және таулы өзендердің беткейлерінде 36 шақырым (Шиен ауылы) және 54 шақырым (Қараарша ауылы) «Ұзынағаш-Бесмойнақ» облыстық маңызы бар автомобиль жолында ағынының қалыптасуы салдарынан автожол төсемін тасқын су шайғаны анықталды. Қолданыстағы жасанды құрылыстар (құбырлар) су ағынына төтеп бере алмады. Нөсерлі кәріз жүйесі және жасанды құрылыстар (құбырлар) жоқ, осыған байланысты су ағынын ағызу жол төсемі арқылы жүреді. Жол бойында әртүрлі фракциялардың лайлары мен тастарынан шөгінділер пайда болып, салдарынан автожолдың осы учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды.


Сондай-ақ, орташа қысымды газ құбырының учаскесі (шамамен 70-80 метр) бүлініп, Шиен ауылдық округі Шиен ауылының орталық көшесінде орналасқан 140-қа жуық аула аумағында су тасқыны болды. Шиен ауылының халық саны – 2 мың 704 адам, Қараарша ауылының халық саны – 237 адам.



Жамбыл ауданында Шиен ауылдық округінің Шиен ауылында ауылдық округтің жергілікті атқарушы органының күштері мен құралдары, Ұзынағаш ауылының 4-ӨСБ өрт сөндірушілері, сондай-ақ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 138 жеке тұрғын үй аулаларынан, үйлердің 10 жертөле үй-жайынан су сорып шығарды. Қалған су  қалдықтары топыраққа сіңіп кетті. Жағдай тұрақты.



Қазір Ұзынағаш ауылында орналасқан ҚР ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 30 адам, ТЖ бөлімі мен №4 өрт сөндіру бөлімінен 20 қызметкер және техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарынан 20 қызметкер және көмекші техника оқиға орнына барды. Оқиға орнында аудан әкімі, аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр.


«Ұзынағаш-Бесмойнақ» облыстық маңызы бар автомобиль жолының 54 км (Қараарша ауылы) жол қозғалысы қалыпқа қелтірілді. Жол төсемінде тастар мен балшықтан тазарту жұмыстары, арық желілері мен Ұзынағаш-Бесмойнақ тас жолының құбырлы өткелін тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар су басқан үйлердің аулаларында су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тазалау және қалпына келтіру жұмыстары кезінде авариялық қызмет қызметкерлері 3 елді мекенді (Сұңқар, Қарарша, Бесмойнақ) газбен жабдықтаудан ажыратты.Қазір «Тәуекел газ» ЖШС пайдаланушы ұйымы авариялық учаскеге газ құбыры желілерін қалпына келтіру бойынша авариялық топ жіберді.


Талғар ауданында Талғар өзенінің бойында жауын-шашынның көп мөлшерде түсуіне байланысты Сол Талғар өзенінде су деңгейі көтерілді. Қазір Талғар өзеніндегі су деңгейі секундына 37 текше метрді құрайды. Гидротехникалық құрылыстың су өткізу қабілеті секундына 70.5 текше метрді құрайды. Мониторинг жүргізу және жедел шаралар қабылдау мақсатында өлшемдер жүргізілуде. Қосымша бақылау бекеттері орнатылды. Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Жауын-шашын тоқтады, жағдай тұрақты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сел #Алматы #жауын
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Кеше 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Кеше 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Кеше 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Кеше 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Кеше 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика