Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жатақхана іргетасы қаланды

Жатақхана іргетасы қаланды

Әлеумет 15.12.2023, 10:02 1,212
Жатақхана іргетасы қаланды
Сурет: Almaty-akshamy.kz. 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әрқайсысы 1 060 орындық, жалпы 3 180 орынға арналған заманауи үш жатақхана құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті.


ҚазҰУ қалашығы құрылысының ІІ кезеңі аясында салынғалы жатқан жатақханалар 2024 жылдың күзінде аяқталады деп жоспарлануда, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 


9 қабатты үш жатақхананың жалпы ауданы  49 703,94 шаршы метрді, ал ғимаратты салуға бөлінген аумақ 1,24 гектарды  құрайды. Студенттер үйінің әр қабатында заманауи оқу залдары, демалыс орындары, асхана, кофехана, спортзал, тұрмыстық бөлмелер қарастырылған. 70 шаршы метрлік толыққанды жабдықталған бір бөлме 4 адамға арналған.


Оның ішінде үш жатақханада инклюзивті білім беру талаптарын орындау мақсатында мүмкіндігі шектеулі білім алушы жастарға арнайы 132 төсек-орын қарастырылған.


Салтанатты шараға университет басшылығы, ҚазҰУ ардагерлері, инвесторлар, БАҚ өкілдері, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастар қатысты.


2022 жылы 1 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қызметімен танысып, ҚазҰУ қалашығы құрылысы ІІ кезеңінің Бас жоспарына үлкен қолдау білдірген болатын. Ал ағымдағы жылдың 7 қараша күні Мемлекет басшысы білім ордасының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдап, университет қалашығын жаңғырту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.



«Мемлекет басшысы білім-ғылым саласына ерекше көңіл бөлуде. Оның бір дәлелі ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі тікелей Президент тапсырмасымен жүзеге асырылады. ҚазҰУ-дың ІІ даму жоспары бойынша қалашықта жалпы 12 жатақхана, 8 оқу корпусы бой көтереді. Бұл дегеніміз университеттегі оқытушы құрам мен студенттерге жақсы жағдай жасалуына мүмкін береді. Тәуелсіздік күні қарсаңында бұл университетіміз үшін үлкен оқиға. Құрылыс компаниясы жедел әрі қарқынды түрде жұмыс жасаймыз деп уәде беріп отыр. Келесі жылдың қараша айында жатақхана қолданылуға беріледі деп күтеміз», - деді білім ордасының Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев.




Жаңа жыл қарсаңында 4 оқу корпусы, қаңтар айында 35 000 шаршы метр емхана құрылысы басталмақ. Медициналық орталықта поликлиника, медицина және денсаулық сақтау факультеті, стоматология жұмыс істейді. Бұған қоса, қызметкерлерге арналған тұрғынжай, инновациялық орталық, IT хаб, спорттық-сауықтыру орталығы т.б ғимараттар салынады деп жоспарланып отыр.



«Аз уақыттың ішінде осы университеттің басшылығы тапсырыс берді. Төрт айдың ішінде құрылыстың сметалық-жобаларын жасадық. Жатақхананың бөлмелері кең, сәулелі, жылы болады. Жоба бекітілгеннен кейін құрылыс жұмыстарын бастадық. Бір ай болды бастағанымызға. Жоба бойынша он бес айлық мерзімі бар. Тоғыз қабатты, жертөлесі бар. Оныншы қабатта техникалық жағы қарастырылған. Құрылыс жобасын бойынша жаңа құрылыс материалдары, заманауи дизайнерлік үлгіде бекітті. Келісі жылы желтоқсан айында құрылысты толығымен аяқтау ниетіміз бар», -дейді "Kenzhe Holding" ЖШС директоры Әбдіғаппар Сәрсенбаев



ҚазҰУ қалашығының ІІ даму жоспары алдағы уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылмақ. Бұл құрылыс жұмыстары алдағы 3 жылға жоспарланып отыр. Алдағы күзде ҚазҰУ 90 жылдығын салтанатты түрде  аталып өтетінін жеткізген Жансейіт Қансейітұлы жатақхана құрылысының басталғанын ресми жариялады.



Айта кетейік қазіргі таңда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 15 жатақхана бар. Онда оқу ордасының 6 мыңға жуық студенті орналастырылған. 2026 жылға дейін 30 мың студентті жатақханамен қамтамасыз етуді көздеп отыр.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жатақхана #білім #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика