AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасыл желек көбейіп, базарлар жаңғыртылады

Жасыл желек көбейіп, базарлар жаңғыртылады

Әлеумет 06.02.2024, 04:16 841
Жасыл желек көбейіп, базарлар жаңғыртылады
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматының жаңа ЕТЖ жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе көбейтуді көздейді


Алматы әкімдігі сарапшылармен және қоғам өкілдерімен талқылаудан кейін қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленген егжей-тегжейлі жоспарлаудың жаңа жобаларын (ЕТЖ) бекітті.


Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы атап өткендей, жаңа ЕТЖ-да саябақтар, скверлер, бульварларды қосқанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе көбейту көзделген. 


Сонымен қатар, сауда кеңістігін жаңарту аясында базарлардың аумақтарын көгалдандыру жоспарланған. Мысалы, Алмалы ауданындағы Розыбакиев көшесінің бойындағы «Тастақ» және «Оптовка» базарлары жаңғыртылады. Жетісу ауданында Солтүстік айналма жол бойындағы базарларды жаңғырту, сонымен бірге, су қорғау белдеулерін абаттандыру және тазарту көзделген. Бұл шаралар сауда алаңдарының сапасын едәуір арттырады және келушілер мен кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасайды.



Бұған қоса, жүрдек көлік қаңқасы мен көшелер желісін енгізу есебінен қаланың барлық ауданы бір-біріне біріктіріледі. Қала тұрғындары қаланың кез келген жеріне оңай бара алады. Мұндай қозғалыстың дәліздері бизнес үшін, оның ішінде сауда саласында тартымды болады.



Жалпы, ЕТЖ тұрақты және функционалды қалалық кеңістік құруға бағытталған. Олар қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету нысандарын орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды жүргізудің, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жасылжелек #базарлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ресей басшыларына «Астана – Мәскеу» жүргізушісіз жүк көлігі автобағытының іске қосылуы көрсетілді

Бүгін 19:21

Қазақстан мен Ресей президенттеріне Амур жолбарыстарын жерсіндіру жобасы таныстырылды

Бүгін 19:15

Қазақстан мен Ресей президенттері Астанадағы «Сириус» мектебінің құрылысын бастап берді

Бүгін 19:06

Президенттер Қазақстан мен Ресейдің мәңгі достығы аллеясында емен көшетін екті

Бүгін 19:03

QyzPU БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз турын өткізді

Бүгін 18:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);