AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Жастарға АЭС құрылысы жаңа мүмкіндіктер береді

Жастарға АЭС құрылысы жаңа мүмкіндіктер береді

АЭС: Референдум 26.09.2024, 09:40 921
Жастарға АЭС құрылысы жаңа мүмкіндіктер береді
aes2024.kz
 

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы Батыс Қазақстан облысында жалғасын тапты. Штаб мүшелері өңірдің этномәдени бірлестіктері, волонтерлер, белсенді азаматтар және түрлі еңбек ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді.

Орал қаласындағы «Достық» үйінде өткен кездесуде этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында штаб өкілдері атом энергетикасын пайдаланудағы дамыған елдердің тәжірибесін және АЭС-тың қауіпсіздігі мен тиімділігі жайлы жан-жақты ақпарат берді. Жиналған қауым еліміздің болашағын анықтайтын бұл маңызды референдумға әр қазақстандықтың қатысуы қажеттігін атап өтті. Бұл қадам арқылы Қазақстанда жаңа саяси мәдениет қалыптасатынына сенім білдірілді.

Сол күні Халықтық штабтың белсенді жастары облыстың заманауи әлемдік трендтеріне сүйене отырып, елімізде бейбіт атомды дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Жастарға АЭС құрылысы жаңа мүмкіндіктер беретінін атап өтті, оның ішінде білікті мамандар үшін жақсы жалақысы бар ондаған мың жаңа жұмыс орындарының ашылатынына баса назар аударылды. Осы мақсатта болашақта атом энергетикасын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның аясында арнайы кадрларды даярлау жоспары жасалатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#АЭС #жастар #референдум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Зулейха» спектакліне 1 жыл: қазақ сахнасындағы ерекше туындының мерекелік көрсетілімі өтеді

Бүгін 18:12

"Құнды кадр“. Жетісуда қар барысы видеоға түсіп қалды

Бүгін 17:34

Бейжіңдегі марафонда роботтар алғаш рет адамдарды басып озды

Бүгін 16:29

Almaty Half Marathon шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңартты

Бүгін 15:10

Санаулы күнде виза алу: инвесторлар мен бизнес өкілдерінің Қазақстанға келуі жеңілдей түсті

Бүгін 14:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика