Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінен және қазақ...

Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінен және қазақ тіліне аударма жасалады

Әлеумет 20.09.2022, 09:21 2,361
Жасанды интеллект арқылы қазақ тілінен және қазақ тіліне аударма жасалады
Сурет: Inform.kz

Бүгінде ғалымдар ғылыми-зерттеу және коммерциялық мақсатта жасанды интеллектті дамыту мен енгізуде мол жетістіктерге жетті.


Акустикалық талдаудың көмегімен жасанды интеллект Паркинсон ауруын, психикалық бұзылыстарды, тіпті кейбір жүрек қан-тамыры сияқты бірқатар неврологиялық дерттердің де даму ықтималдығын дауыспен-ақ анықтай алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.


Дәстүрлі емес бейне саундтректерін жасанды интеллект арқылы автоматты түрде аударудың жаңа әдісін әлем компаниялары айналымға дендеп енгізе бастады. Осы салада қызмет көрсетіп келе жатқан украиналық фаундерлердің көмегімен құралған швейцариялық компания енді қызметін қазақ тілінде де ұсынатын болды.



«Бұл жасанды интеллект арқылы кез келген бейнені 67 тілге және 60 диалектіге аударуға мүмкіндік жасалған. Жақсы жаңалықтың бірі сол – енді материалды қазақ тілінен де, қазақ тіліне де аударуға болады. Біз ірі компаниямыз және жеке тұлғалармен жұмыс жасаймыз», - дейді Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, жоба құрылтайшысы Денис Красников.



Жасанды интеллект бейне жазбаның жүзден 99 пайыз дәл аудармасын сол мезетте ұсынады әрі аударма даусы қазақы қоңыр мақамда. Құрылтайшылардың айтуы бойынша, мұндай робаттар қаржы мен уақыт үнемдеуде де мол септігін тигізбек әрі нарықтағы дәстүрлі аудармаға қарағанда жұмысы жиырма пайызға арзан. Бірақ жоба мақсаты – қаражатта ғана емес, мақсат – ұлттық тілдерді дәріптеу, - дейді Vidby құрылтайшылары.



«Біздің компанияның миссиясы – аударма кезінде әлем халықтарының тілдік тазалығын сақтау, бейнеконтентті дамытуға жағдай жасау және ең бастысы - ана тілде білім алуға мүмкіндік ұсыну», - дейді Украина өнеркәсіп және кәсіпкерлер одағының вице-президенті, жоба құрылтайшысы Денис Красников.



Дәл әрі сапалы берілетін аудармаға қоса, бағдарламалық құрал дыбыстық файлдан кез келген шу мен музыканы автоматты түрде өзі алып тастап, жасанды интеллект арқылы адам сөзін  анықтап, оның аудармасын дыбыстай алады. Бұл ретте оған онлайн редактор көмекке келмек, бұл видеодағы диалектілер мен бірегей атауларды аудару кезінде қолданылады. Тағы бір мүмкіншілік – SubRip субтитрі, осы қосымша арқылы жоғары сапалы субтитрлерді жасауға жағдай жасалған, бұл қызмет қосымша ақысыз қолжетімді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жасанды интеллект #қазақ тілі #аударма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика