Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / «Жас Қанат» шағынауданының тұрғындары балалар ойын...

«Жас Қанат» шағынауданының тұрғындары балалар ойын және футбол алаңы үшін қала әкіміне алғыс айтты

Барлығы 30.07.2025, 12:36 454
«Жас Қанат» шағынауданының тұрғындары балалар ойын және футбол алаңы үшін қала әкіміне алғыс айтты
Алматы әкімдігі

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапарымен Түрксіб ауданына барып, «Жас Қанат» шағынауданының тұрғындарымен кездесті. Жергілікті халық абаттандыру жұмыстары үшін қала басшысына ризашылық білдірді.

Тұрғындардың өтініші бойынша тұрғын үй кешенінің аумағында заманауи балалар ойын алаңы мен түрлі ойын және спорттық жабдықтар орнатылған. Сондай-ақ, кең футбол алаңы салынды. Бұған қоса, жоба аясында жастар мен ересектерге арналған демалыс аймағы жасақталып, жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, орындықтар мен демалыс орындары қойылды.

«Өткен жолы өздеріңіз мұнда «ойнайтын, демалатын орын жоқ» деп айтқан едіңіздер. Балалар да келіп, ойын алаңын сұраған еді. Айта кетейін, бұл құрылысқа бюджет қаржысы жұмсалған жоқ. Жоба кәсіпкерлердің қолдауымен жүзеге асты», — деді қала әкімі.

Өз кезегінде «Жас Қанат» ТҮК тұрғындары атқарылған жұмысқа ризашылық білдірді: «Балалар алаңын салу кезінде барлық ұсынысымыз бен ескертуіміз ескерілді. Енді балаларымыз асыр салып ойнап, футболмен айналысып жүр. Бізге бәрі ұнайды!» — деді олар.

Сапар барысында қала әкімі тұрғын үй кешеніндегі өзге де аулаларды аралап көрді. Тұрғындар газ тарту, жарықтың үзіліссіз берілуі, кіреберістер мен шатырлардың жағдайы, сондай-ақ, ПИК қызметіне қатысты мәселелерді көтерді. Бұл түйткілдерді шешу үшін Алматы әкімі нақты тапсырмалар берді: «Құрылыс басқармасына коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасымен және аудан әкімдігімен бірлесіп тұрғындармен, ПИК төрағасымен және «АлматыЭнергоСбыт» өкілдерімен ортақ жиналыс өткізіп, электрмен жабдықтау, жедел сатыларды күтіп ұстау мен басқа да коммуналдық түйткілдерді шешуді тапсырамын», — деді Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар әкімнің тапсырмасымен тұрғын үй кешенінің ішкі аулаларына асфальт төселіп, жол белгілері орнатылады. Барлық жұмыс тұрғындардың пікірі ескеріле отырып жүргізіледі.

Бұған қоса, Дархан Сатыбалды «Жас Қанат» пен «Маяк» шағынаудандарының аумағындағы 100 гектардан асатын «Желтоқсан» паркінің абаттандырылу барысымен де танысты. Демалыс аймағына Әуежай көлінің жағалауы кіреді, жасыл желек аумағы шамамен 23 мың шаршы метр. Саябақ аймағын күтіп-ұстау және абаттандыру элементтерін қалпына келтіру бойынша мердігер ұйым анықталған.

Бүгінде саябақ аумағында суару жүйесін орнату жұмыстары жалғасып жатыр. Бұған дейін сыртқы жарықтандыру желілері мен басқару шкафтары орнатылған болатын. Қала әкімі саябақтағы жарық жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, суару жүйесін белгіленген мерзімде толық аяқтауды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жас қанат #шағынаудан #тұрғын #әкімге алғыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Кеше 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Кеше 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Кеше 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Кеше 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Кеше 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика