конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жас геологтардың республикалық олимпиадасы бастал...

Жас геологтардың республикалық олимпиадасы басталды

Білім және ғылым 10.07.2023, 02:34 1,408
Жас геологтардың республикалық олимпиадасы  басталды
Сурет: Inform.kz

Алматы облысы Қонаев қаласындағы Республикалық «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында Жас геологтардың I Республикалық дала Олимпиадасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме  жасап.


Іс-шараны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің геология комитеті, «Kazakhmys Barlau» ЖШС және «Жас геолог» корпоративтік қоры, сондай-ақ Алматы облысының әкімдігі, Kazakhmys корпорациясы, «ERG» ЖШС, Kazzinc» ЖШС ұйымдастырған.


Олимпиаданың мақсаты – жастардың геология ғылымына қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды анықтап, қолдау көрсету. Сонымен қатар оқушыларды елдегі геоэкология және табиғи қазбаларды қорғау проблемасына назар аударту, Отансүйгіштікке баулу.


Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Олимпиадаға Қазақстанның барлық түкпірінен 16 команда мен 200-ден аса бала қатысып жатыр. Олар – 9-11 сынып оқушылары. Қатысушылар палеонтология, гидрология, радиометрия, минералогия және петрография, пайдалы қазбалар геологиясы салалары бойынша білімдерін сынайды. Жеңімпаз командалар грамотама, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


«Геологияға деген қызығушылық тек ғылым ретінде емес, сондай-ақ экономиканың маңызды саласы ретінде қарастырылып, жас балалар үшін жетістіктерге жетіп, ғылыми жаңалықтар ашуға стимул болуы тиіс. Бұл олимпиада дәстүрлі түрде өтіп, жылдан-жылға жас геологтар санын көбейтуге сеп болады», - деді «Жас геолог» КҚ Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов.


Мұнымен қоса, жеке есептегі жеңімпаздар Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті және Сафи Утебаев атындағы мұнай және газ Атырау университетің геологиялық мамандықтарына грант ұтып алу мүмкіндігіне ие болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Құрылтай-2026: Бас Прокуратурасы үндеу жасады

Бүгін 12:51

Бензин мен дизель экспорттауға тыйым мерзімі 6 айға ұзартылды

Бүгін 11:08

Қазақстандық жүргізуші куәлігі 25 шілдеден бастап БАӘ-де жарамды болады

Бүгін 10:09

«Әділет» партиясында қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайту жолдары талқыланды

Бүгін 09:24

8 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);