Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / "Жарнамаға 481 млн теңге салған": Астанада баласын...

"Жарнамаға 481 млн теңге салған": Астанада баласының жалған еміне ақша жинаған ерлі-зайыпты 7 жылға сотталды

Оқиға 09.01.2026, 14:22 351
"Жарнамаға 481 млн теңге салған": Астанада баласының жалған еміне ақша жинаған ерлі-зайыпты 7 жылға сотталды
сурет: facebook.com/itkulovsyrym

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды және аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталған ерлі-зайыпты Тотақановтардың әрқайсысына 7 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Сот материалдарына сәйкес, 2020–2024 жылдары ерлі-зайыпты 2019 жылы туған, ауыр диагноздары бар ұлын емдетуге қаражат жинаймыз деген желеумен жүйелі түрде ақша жинаған. Қаражат тарту үшін әлеуметтік желілерде таргеттелген жарнама қолданылған.

Соттың баспасөз қызметі мәлім еткендей, Толқын Тотақанова мен оның анасының есепшотына шамамен 2,2 млрд теңге түскен. Оның 1,4 млрд теңгесі қайырымдылық ретінде аударылған. Алайда жиналған ақшаның едәуір бөлігі баланың еміне емес, отбасының жеке қажетіне жұмсалған.

Нақтырақ айтқанда, сот анықтауынша, баланы емдеуге бар болғаны 6,4 млн теңге ғана кеткен. Қалған қаражат ерлі-зайыптының жеке шығындарына бағытталған: таргет жүргізу, қымбат мүлік сатып алу, құмар ойын ойнау, қарыз жабу және депозит жинау.

Іс материалдарында олардың сатып алған мүлкі де аталады. Атап айтқанда: жалпы құны 47 млн теңге болатын екі пәтер, 8 млн теңгеге жер учаскелері, сондай-ақ LEXUS RX 300 (28 млн тг), Hyundai Santa Fe (8,2 млн тг), Toyota Camry 75 (15 млн тг) және Toyota Land Cruiser Prado 150 (сомасы нақтыланбаған) көліктері алынған.

Бұдан бөлек, брендке және құмар ойынға 9,7 млн теңге, Facebook Ads жарнамасына 481 млн теңге, қарыздарды өтеуге 349,5 млн теңге жұмсалғаны көрсетілген. Сондай-ақ депозиттен пайыздық табыс алғаны да айтылды.

Сот олардың әрекеттерінде ҚР ҚК 218-бабының 2-бөлігі 1-тармағында көзделген қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру белгілері бар екенін атап өтті.

Прокурор ерлі-зайыптының біріне 6 жыл, екіншісіне 4,8 жыл сұрап, 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салуды талап еткен. Алайда сот жазаны қатаңдатып, әрқайсысын 7 жылға соттады және 10 жыл қайырымдылықпен айналысуға тыйым салды.

Кәмелетке толмаған баласы барын ескеріп, сот әйел адамның жазасын 2 жылға шегерген. Сондай-ақ үкіммен ерлі-зайыптының барлық мүлкі тәркіленді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ем #қор #қайырымдылық қоры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі