AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Жаратылыстану» оқулығы –  ғылым әлеміне жол

«Жаратылыстану» оқулығы –  ғылым әлеміне жол

Білім және ғылым 21.01.2025, 16:44 1,337 Bakyt
«Жаратылыстану» оқулығы –  ғылым әлеміне жол
aqshamnews.kz

6-сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулығы 2018 жылы «Атамұра» баспасынан жарық көрген және ол оқушыларды табиғаттың күрделі де қызықты әлемімен таныстыруға бағытталған. Бұл оқулық түрлі табиғат нысандарын: ғарыш жүйесінен бастап микродүниеге дейін, Жер мен біздің планетамыздан тыс жатқан нысандарды, тірі табиғат пен дүниенің жалпы қасиеттері мен құрылымын зерттеуді қамтиды.

Жаратылыстану ғылымдары өзінің ғылыми дәлдігімен, жүйелілігімен және табиғат қорларын пайдалану арқылы практикалық маңыздылығымен ерекшеленеді. Бұл ғылымның құрамына физика, химия, биология, география, астрономия сияқты жеке салалар кіреді, олар табиғатты зерттеудің әртүрлі қырларын аша отырып, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын оятады.

Оқулық жеті бөлімнен тұрады.

  • Кіріспе бөлімі оқушыларды зерттеуге арналған құрал-жабдықтармен, зерттеу әдістерімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырады.
  • Қалған алты бөлімде келесі пәндердің негіздері беріледі: география, биология, физика, химия, экология, астрономия. Бұл бөлімдер оқушылардың жоғары сыныптарда осы пәндерді терең меңгеруіне көмектеседі.

Оқулықтың мазмұны параграфтарға бөлінген, әр параграф қызықты ақпараттарға толы және материалды игеруді жеңілдететін әдемі суреттермен, сызбалармен толықтырылған. Оқушылар оқу барысында табиғаттағы өзгерістер мен олардың арасындағы байланыстарды түсініп, жаратылыстанудың негізгі заңдылықтарын үйренеді.

«Жаратылыстану» оқулығы тек теориялық материалмен шектелмей, оқушылардың зерттеу, ойлау және коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған.

  • Әр тарау тұжырымдар мен нұсқаулардан, сұрақтар мен тапсырмалардан тұрады.
  • Инновациялық жаңалықтар, қызықты тәжірибелер мен сарамандық жұмыстар ұсынылған.
  • Параграфтың соңында берілген қосымша тапсырмалар мен сұрақтар оқушылардың алған білімін тереңдетуге көмектеседі.

Логикалық тапсырмалар мен жаттығулар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, материалды игеруге мотивация береді. Оқулық тек теорияны оқып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануға бағытталған.

6-сыныпқа арналған «Жаратылыстану» оқулығы оқушыларға ғылым әлеміне алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Оқулықтың мазмұны мен құрылымы балалардың табиғатты түсінуіне, зерттеу дағдыларын қалыптастыруына және болашақта ғылымды терең меңгеруіне негіз болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жаратылыстану оқулығы #ғылым әлемі #оқулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);