AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойын...

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындыланды

Білім және ғылым 13.05.2024, 12:15 795 dulatbekova
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада қорытындыланды
Сурет: Gov.kz

Елімізде мектеп оқушылары арасындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Оған еліміздің өңірлерінен 939 оқушы қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылы оқушыларға арналған республикалық олимпиада 6 өңірде бір мезгілде өтті. Жас математиктер мен физиктер, химиктер Астана, Алматы және Павлодар қалаларында бақ сынасты. Барлық кезең қорытындысы бойынша 431 оқушы жүлдегер атанды, олар 211 қола, 131 күміс және 89 алтын жүлдені өзара бөлісті.

«Ең жас қатысушы» дипломымен Ақмола облысынан 8-сынып оқушысы Нұрәлі Шаймерден марапатталды.

«Мен осы олимпиадаға қатысқаныма өте қуаныштымын. Республикалық олимпиада – менің интеллектуалды дамуым үшін үлкен мүмкіндік. Мен мұнда білімімді толықтырып қана қоймай, жаңа достар таптым», - дейді өз әсерімен бөліскен Нұрәлі Шаймерден.

Ал «Ең үздік ауыл оқушысы» номинациясы бойынша Павлодар облысынан Максим Комаров пен Жетісу облысынан Владислав Иванов дипломдарға ие болды.

«Үздік олимпиадалық команда» номинациясы келесідей бөлініске түсті: III орын - Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстары; II орын - Астана және Алматы қалалары; I орын – Павлодар облысы және РФММ құрама командасы. Бас жүлдені Назарбаев Зияткерлік мектебінің командасы жеңіп алды.

Сонымен қатар 46 жеңімпазға KBTU, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университеті, Astana IT University, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті секілді ЖОО-на ректорлық грант тағайындалды.

«Олимп шыңына жетелеуші» номинациясы бойынша педагог-тәлімгерлер мен олимпиадалық командалардың жаттықтырушылары марапатталды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаратылыстану-математикалық бағыт #олимпиада #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);