Жапония азаматтарының тең жартысы екпе алып үлгерген

Жапония азаматтарының тең жартысы екпе алып үлгерген Сурет: Landmarks.ru

Бірінші компонентпен егілгендер саны – 78,3 миллион адам. 


Жапония азаматтарының 50%-дан астамы вакцинацияның толық курсынан өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-ға сілтеме жасап.


Күншығыс ел азаматтарының тең жартысы КВИ-ға қарсы екпе алып қойғаны туралы экономиканы қалпына келтіру Министрі Ясутоси Нишимура мәлімдеген. 


Ол қыркүйек айының соңына қарай ел тұрғындарының 60%-ы екінші дозамен егіледі деп болжады. 


Ресми статистикаға сәйкес, вакцинаның екінші компонентін қазірдің өзінде елдің 63 миллион тұрғыны алды, бірінші компонентпен егілгендер саны – 78,3 миллион. 


Дегенмен тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты ел билігі 19 префектурада, соның ішінде астана мен оған іргелес аймақтарда төтенше жағдай режимін ұзартты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:23

08:12

19:29

19:26

18:14

17:40

17:25

17:11

16:45

16:35

16:20

16:08

16:07

15:44

15:31

15:19

15:02

15:00

14:44

14:30

14:16

14:10

12:28

12:19

12:05