Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жапон ғалымын қызықтырған тары

Жапон ғалымын қызықтырған тары

Әлеумет 01.08.2023, 11:45 1,037
Жапон ғалымын қызықтырған тары
Сурет: ашық дереккөз

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары ақ тары өсіруден әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Бер­сиевтің туған жері Ойыл ауданына Осака Гакуин университетінің профессоры, этноботаник Эмико Такеи келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz egemen.kz-ке сілтеме жасап.


  Қазақтың тарысын 40 жыл зерттеп келе жатқан жапон ғалымының ұзақ жылдан бергі арманы Шығанақтың елін көру екен.


Ол Қаратал ауылына таяу жердегі соғыс жылда­рын­дағы тары егістігі орнына барды. Ғалым осы жер­де Шы­ғанақ тарысының тұқымын сақтап қалған шаруа­шы­лықтар бар ма деп сұрады. Өкініштісі, аштық жылдары, одан Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майдан дала­сындағы кеңес жауынгерлеріне азық болған ақ тарының тұқымы бүгінде ұмыт болған. Қазір Ақтөбе облысының кей аудандарында ғана сирек қызыл тары өсіріледі.


Эмико Такеи Ойылдағы Көкжар жәрмеңкесінің ­сау­да орындарын көрді. Бұл –ХІХ ғасырда қазақ же­рін­де салынған ірі жәрмеңкелердің бірі. Ғалым Ұлы Жі­­бек жолының бір тармағында орналасқан Көкжар жәрмең­кесіне қай мемлекеттен керуендер келіп, саудагерлердің қай тілде сөйлескендерін сұрады. Айта кету керек, Ақтөбе облысында ХІХ ғасырдың тарихи ғимараттары Ойыл ауданында ғана жақсы сақталған. Эмико Такеи кетерінде Ойыл елді мекеніндегі базардан қуырылған тары мен майқұрт сатып алды. Есте жоқ ескі заманнан адамдар мекендеген Ойыл ауданының тарихы бай екендігіне көз жеткізген ғалым атақты тарышының есімін иеленген аудандық музейде Шығанақ атындағы залдың болуына ерекше ризашылығын білдіріп, жапон тілінде қолтаңба қалдырды. Шығанақ атындағы залда құрулы тұрған қазақтың қазан-ошағына, келі мен келсапқа, былғауышқа қызығушылық танытты.



«Қонақ бұл жерде тарының қалай әзірленетіндігін егжей-тегжейлі сұрады. Біз егістікте орылған тары масағының кептіріліп, үгітіліп, қабығы ұшырылып, қазанда суға қайнатылып, сүзіліп, тағы қайнатылып, қуырылып, келіге салып қалай түйілетінін көрсеттік. Эмико Такеиге егістікте орылған тары масақ­тарының таспен бастырылып, одан ұшырылуы өте қызық болып көрінді», дейді Шығанақ Берсиев атындағы Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейінің ғылыми қызметкері Дулат Исабаев.



Айта кету керек, сырттан келген көп қонақты Ойыл­­дың тарысы қызықтырады. Биылғы жылы өңірге Германиядан келген туристер Ойыл ауданына арнайы барып, тары мен майқұрт сатып алып кеткен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#тары #жапон #ғалым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика