Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Жаңартылған Тараз вокзалы жолаушылар үшін есігін қ...

Жаңартылған Тараз вокзалы жолаушылар үшін есігін қайта ашты

Оқиға 03.01.2022, 14:02 1,295
Жаңартылған Тараз вокзалы жолаушылар үшін есігін қайта ашты
Cурет: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Тараз вокзалында жөндеу жұмыстарын жүргізу біраз жыл жоспарланған болатын


Тараз қаласындағы теміржол вокзалы жөндеуден кейін жолаушылар үшін есігін айқара ашты, Almaty-akshamy.kz  «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тараз вокзалында жөндеу жұмыстарын жүргізу біраз жыл жоспарланған болатын. Жоспар 2021 жылы жүзеге асырылды. Вокзал ғимаратының ішкі қабырғалары, қасбеті мен шатыры жаңартылып, жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелері, жолаушылар үшін күту аймақтары кеңейтіліп, жөнделді. Вокзалда тұрғындардың жүруге қауқары аз топтары үшін жағдай жасалған. Екінші қабатта аймақ тарихы көрсетілген тақырыптық инсталляция  орнатылған.



«Жаңажылдық мереке күндері еліміздің барлық вокзалдары штаттық режимде жұмыс істеді және жұмыс істеуде. Вокзал қызметкерлері жолаушылардың мерекелік көңіл күйі, олардың қауіпсіздігі мен жайлылығы, ақпаратқа қолжетімділігі және жолда қиындықтарға ұшырап қалмас үшін барлығын жасайды», - делінген хабарламада.




«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Бақылау мереке күндері және мектеп демалысы кезінде күшейтіледі. Биыл мерекелік демалыс кезінде теміржолшылар көлік полициясы қызметкерлерімен және күзет қызметімен бірлесіп профилактикалық қауіпсіздік рейдтерін өткізді. Қауіптілігі жоғары аймақтарда анықталған қауіпсіз мінез-құлықты бұзушылармен түсіндіру сұхбаттары жүргізілді.



«Сонымен қатар, Аshyq қосымшасы арқылы вокзал ғимараттарына өтуге тырысқан «сары» мәртебесі бар екі адам анықталды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап, дәл осы сәтке дейін вокзалдарда Аshyq қосымшасы пайдаланылып, «қызыл» және «сары» мәртебесі бар (сәйкесінше 518 және 251) 769 адам анықталды», - делінген хабарламада.



«ҚТЖ» ҰК» АҚ азаматтардан абай болуды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және темір жолға қауіптілігі жоғары нысан ретінде қарауды сұрайды.
Бейтарап QR-кодтың көмегімен  Аshyq.kz сайтында орналастырылған осы бағдарламаны қолдайтын және басқа қосымшалардағы өз мәртебеңізді алдын ала тексеріп алу қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тараз #вокзал #Жөндеу жұмыстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жыл басынан бері үш тонна есірткі айналымға жіберілмеді

Бүгін 14:41

Астрофизик: Айға қайта оралу – ғылым үшін жаңа кезең 

Бүгін 12:01

Астрономияны білсеңіз, астрологияға сенбейсіз – астрофизик пікірі

Бүгін 11:56

Қазақстанда ғалым қанша табыс табады?

Бүгін 11:52

2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика