AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жанармай карталарын сату – алаяқтардың ісі

Жанармай карталарын сату – алаяқтардың ісі

Заң мен тəртіп 11.04.2023, 10:19 1,223
Жанармай карталарын сату – алаяқтардың ісі
Сурет: Gasenergy.kz

Instargam-да жанармай карталарын сату туралы хабарландырулар көп.


Олардың бірін белгіленген бағамен сатып алғаннан кейін, жанармай құю станциясында ақша төлемеуге болады екен. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 




Stopfake.kz ақпараты бойынша, қолданыста жоқ жанармай карталары алғаш рет 2021 жылы Ресейде сатыла бастаған. Алаяқтар карталарды арнайы әзірленген сайт арқылы сатқан, ал сенгіш көлік жүргізушілері ақшаны олардың шотына аударып отырған.


Қазақстанда схема сәл басқаша. Автокөлік жүргізушілеріне Helios, Qazaq Oil және «Газпром» компанияларының жанармай карталары ұсынылады. Ол Қостанайда тіркелген компанияның атынан Telegram арқылы сатылады. Алайда, ашық деректерге сүйенсек, аталған фирма өрт сөндіргіштерді толтырумен айналысады және жанармай саудасына ешқандай қатысы жоқ.



Сонымен қатар, 2Gis қызметінде жанармай карталарын алу үшін компанияның кеңсесіне хабарласып, ол жерден ешкімді таппаған адамдардың пікірлері жазылған. 
Айта кетейік, Helios, Qazaq Oil және «Газпром» ресми порталдарында жанармай карталарын делдалдар арқылы сату туралы ештеңе айтылмаған. Qazaq Oil карталарды компаниямен шарт жасасқаннан кейін ресми сату орталықтарында 500 теңгеге сатып алуды ұсынады.
Helios компаниясының сайтында жанармай карталары туралы ақпарат мүлдем жоқ. Оның орнына клиенттерге арнайы бонустық карталарды рәсімдеу ұсынылады.
«Газпром» компаниясында корпоративтік клиенттерге арналған жанармай карталары бар. Оны компаниямен ресми келісімшарт жасасқаннан кейін ғана сатып алуға болады.



Қорыта айтқанда, жанармай карталарын сату жарнамасы – алаяқтардың ісі. Компаниялардың жанармай карталары ресми бөлімдерде сатылады және оларды ресми келісімшарт жасалғаннан кейін ғана сатып алуға болады. Қазнетте карталары сатылып жатқан компания мүлдем басқа қызметпен айналысады және оның карталарды сатуға ешқандай қатысы жоқ.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алаяқтық #жалған жарнама #жанармай карталары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда кітап ұсыну акциясы өтті

Бүгін 23:13

Мемлекет басшысы Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Дженсен Хуангты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Бүгін 19:09

NVIDIA жетекшісі Президенттің жаңа өнеркәсіптік революцияның бастапқы кезеңінде Қазақстанды жасанды интеллект елі ретінде өркендету жөніндегі стратегиялық мақсатын жоғары бағалады

Бүгін 19:05

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:59

Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады

Бүгін 18:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);