Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «С...

Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

Әлеумет 18.12.2021, 14:01 1,691
Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Алматыда мереке күндері 215 бала дүниеге келді


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған. 




«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деп жазылған Президенттің құттықтауында.



16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды. 



«Өздеріңіз білетіндей, бала туғаннан кейін оларға баланың бірінші құжатын проактивті түрде рәсімдеу ұсынысымен смс келеді. Сондай-ақ, өтінішті портал немесе ХҚО арқылы беруге болады. Біздің қызметкерлер перзентханаларға барып, босанған әйелдерден тікелей өтініш алды. Алматы қаласы бойынша мереке күндері 215 бала дүниеге келді. Біздің қызметкерлер құжаттарды одан әрі жедел дайындау үшін АХАТ-қа жіберді. Барлық мереке күндері ХҚО-ның, Қазпоштаның барлық қызметкерлері Президенттің құттықтауы мен сәби бокстарын жеткізу үшін, бокстарды дайындау жұмыстарын жүргізді», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ермек Құралбекұлы Бекжүнісов.




Барлық baby-бокстар иелеріне Қазпошта арқылы жөнелтілді.



 «Дүниеге сәбиіміз келіп бір қуансақ, «Сүйінші» қорабын алып қуанышымыз еселеніп жатыр. Оның үстіне сәбиіміз мереке күні дүниеге келді... Қуанышымда шек жоқ. Президенттің өзі құттықтау хатын жолдап жатса, неге қуанбасқа! Балам Қазақстан Республикасының бақытты балаларының бір болып өседі деп сенемін! Өмірге алғашқы келген күннен құрметке ие болып жатыр... Елімізде аналар да, балалар да бақытты болсын!» - дейді Алматы қаласының тұрғыны Ескелдинова Гүлфия Еділханқызы.    



Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #туу #сыйлық #Тәуелсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бүгін еліміздің 13 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:54

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика