Жаңа Су кодексі жыл соңына дейін қабылданады

Жаңа Су кодексі жыл соңына дейін қабылданады Сурет: ОКҚ

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында ведомство құрылғаннан бері атқарылған жұмыстар туралы айтты.

Баспасөз конференциясы барысында спикер 1 жыл ішінде негізгі 2 құжат әзірленгенін атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Біріншісі - 2030 жылға дейін су ресурстарын басқаруды дамытудың тұжырымдамасы. Онда жалпы 160-қа жуық іс-шара қарастырылған, оның ішінде, 42 жаңа су қоймасын салу, 37 су қоймасын қалпына келтіру жоспарланған. Бұл – 2 млрд текше метр суды жинауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 14,5 мыңнан астам шақырым ирригациялық жүйелер қалпына келтіріледі.

«Екіншісі - жаңа Су кодексі. Құжат қазір Мәжілістің қарауында және жыл соңына дейін қабылданады. Сонымен қатар иесіз қалған су шаруашылық нысандары мемлекет меншігіне қабылданды, өзге жұмыстар жалғасын табады», деді вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

16:25

15:45

15:07

14:30

12:58

12:25

11:45

11:10

10:46

10:12

09:48

09:07

20:36

16:45

16:07

16:04

16:01

15:52

15:49

15:47

15:42

15:18

14:45

14:08

12:47