конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Жаңа оқу жылында дуальды оқумен қамтылған студентт...

Жаңа оқу жылында дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 27 мыңға артады

Білім және ғылым 09.09.2025, 10:26 513 dulatbekova
Жаңа оқу жылында дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 27 мыңға артады
Сурет: Gov.kz

2025–2026 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальды оқумен қамтылған студенттер саны 135 мыңға жетеді,  - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі бұл өткен жылмен салыстырғанда 27 мыңға көп екенін нақтылайды. 

Дуальды оқыту теориялық дайындықты тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді. Оқу уақытының 60%-ын студенттер тікелей өндірісте өткізіп, сұранысқа ие мамандықтарды іс жүзінде меңгереді.

Бүгінде бұл жүйеге еліміздегі 552 колледжде 18 мыңнан астам кәсіпорын қатысады. Олардың қатарында машина жасау, құрылыс, энергетика, IT және сервис саласындағы ірі компаниялар бар. Мұндай ынтымақтастық форматы студенттерге тәжірибелік машық береді, ал жұмыс берушілер үшін – өндірістің нақты сұранысына сай білікті кадрлар даярлауды қамтамасыз етеді.

«Дуальды оқытуды дамыту – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған колледж түлектерінің 70%-дан астамы оқуын тәмамдаған соң бірден өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасады», – дейді Техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Асет Муханбетов.

2024 жылы мемлекеттік тапсырыс негізінде дуальды оқыту форматында оқуын аяқтаған түлектер саны 30 мыңнан асты, олардың 71%-ы қазірдің өзінде жұмысқа орналасқан.

Жұмысшы мамандықтары жылы және техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау аясында 2027 жылға қарай дуальды жүйемен оқитын студенттердің үлесі 50%-ға дейін өседі. Негізгі бастамалардың қатарында – Германияның Эрфурт университетімен бірлесіп Халықаралық дуальды оқыту орталығын ашу, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП қолдауымен тәлімгерлік институтын дамыту бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#дуалды оқу #техникалық және кәсіптік білім #колледж
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасында цифрлық активтер индустриясын ынталандыру және дамыту жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды

Бүгін 18:53

Алматыда ECO CLUB MEDEU жастар экологиялық қауымдастығының тұсаукесері өтіп, бизнес өкілдері қалдықтарды қайта өңдеуге белсенді қатысуға шақырылды

Бүгін 18:50

Алматыда «Жастар қатысатын бюджет» жобасы іске қосылады: үздік бастамаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі

Бүгін 18:34

Алматы Еуропа аудиториясына Viajar журналында таныстырылды

Бүгін 18:31

Алматыда ашық аспан астындағы йога мен стретчинг: қалалық тегін жоба жалғасуда

Бүгін 18:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);