AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өз сөзім өзімдікі / Жаңа мүмкіндікке жол ашады

Жаңа мүмкіндікке жол ашады

Өз сөзім өзімдікі 11.02.2025, 19:26 980 Дана МЕЛС, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің студенті.
Жаңа мүмкіндікке жол ашады
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Осы күні әлемдік сауданың өзі электронды жүйеге көшкені мәлім. Біздің еліміз мемлекеттік қызмет көрсету саласын цифрландыру бағытында біраз жетістікке жетті. Осы орайда көптеген дамыған елдердің цифрлы жүйесінің озығын алып, тозығын тастадық десек болар. Десек те, бұл сәт сайын дамитын сала. Сондықтан ақпаратты қорғау, аталған экожүйені ұдайы дамыту ісі өте өзекті. Бұл жайында ҚР Президентінің кеңесшісі-Баспасөз хатшысы Берік Уәли бүгін «Айқын» газетіне берген сұхбатында атап өткен болатын.  

Осы ретте ретте цифрлы жүйенің жасанған жаңа түрі – жасанды интеллект (ЖИ). Бұл технология қазірдің өзінде еңбек нарығында, өндіріс пен қызмет көрсету саласында біраз өзгеріс әкелуде. Бұл технологияның дамуы кейбір мамандықты алмастыруы ықтимал болса-дағы, жаңа мүмкіндіктің де есігін молынан ашары анық. Осы мәселеге байланысты, біз профессор Алтынбек Шәріпбаевпен сұхбат жүргіздік.


–Профессор мырза, бүгінде жасанды интеллекттің даму қарқыны еңбек нарығына қалай әсер етуде? Адамдар жұмыссыз қалып, дәстүрлі мамандықтарға сұраныс азайып кетпей ме?

 
–Жасанды интеллект технологиясы бізге көптеген рутиналық және қайталанатын жұмыстарды автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бір жағынан,  кейбір дәстүрлі мамандықтқа деген сұраныстың азаюына ықпал етуі мүмкін. Дегенмен, технологияның дамуы жаңа қызмет түрлері мен жоғары білікті мамандарды қажет ететін салаларды да туындатады. Мысалы, дерек талдау, алгоритмді жетілдіру, жүйелік интеграция салалары тез дамып келеді. Сондықтан бізге басты міндет – қазіргі мамандарды жаңа технологияларға бейімдеп, өмір бойы оқыту жүйесін жетілдіру қажет. 


–Қоғамда ара-кідік жасанды инелект этикалық және әлеуметтік мәселеге кері әсер етеді делінетін «бір қайнауы ішінде» пікірлер де айтылып қалып жүр. Осыған не айтар едіңіз?


–Әлбетте, жасанды интеллекттің дамуында этикалық мәселелерді ескеру аса маңызды. Әрбір алгоритм адамгершілік пен моральдық нормаларға сай жұмыс істеуі керек. ЖИ адам өміріне оң әсер етуі тиіс, ал оның дамуында адамдық қарым-қатынас пен әлеуметтік жауапкершілік ескерілу керек. Сондықтан біз технологияны дамытқанда, тек экономикалық тиімділікті ғана емес, қоғамның әлеуметтік және этикалық мүдделерін де сақтауымыз керек.

–Сіздің пікіріңізше, болашақта жасанды интеллект қоғамға қандай жаңа мүмкіндіктер әкеледі?

–Менің ойымша, жасанды интеллект адамның шығармашылығы мен аналитикалық қабілетін толықтыра түсуі мүмкін. Ол еңбек процесін жеңілдетіп, адамдарға өз уақыты мен күшін маңызды мәселелерге жұмсауға мүмкіндік береді. Болашақта ЖИ денсаулық сақтау, білім беру, өндіріс пен өзге де көптеген басқа салада жаңа шешім мен инновацияны алға шығаруға ықпал етеді. Алайда, бұл өзгерістерді сәтті жүзеге асыруда үнемі білімімізді  жетілдіріп, жаңа технологияларды игере білуіміз пайдасын тигізері сөзсіз. 

Профессормен мөлтек-сұхбатымыз осылай аяқталды. Профессор А.Шәріпбаевтың сөзінен түйгеніміз, жасанды интеллекттің дамуымен байланысты қауіп мен жаңа мүмкіндік бір мезгілде орын алуы ғажап еместігі. ЖИ дәстүрлі мамандықтарды алмастыру ықтималдығын туғызса да, жаңа, жоғары біліктілікті мамандарға сұраныс артып, инновациялық шешімдерді іске асыруға жағдай жасайтындай. Ең бастысы, адамзат жаңа технологияға бейімделу керек, этикалық нормалар  сақталуы қажет. Демек, болашағымыздың жарқын болуы біздің бүгінгі білім мен жауапкершілігімізге байланысты. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#профессор #жи #мамандық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);