Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа ЕТЖ: Алматыда қай жерде және қандай полиортал...

Жаңа ЕТЖ: Алматыда қай жерде және қандай полиорталықтар болады?

Әлеумет 06.02.2024, 07:05 1,098
Жаңа ЕТЖ: Алматыда қай жерде және қандай полиорталықтар болады?
Cурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа ЕТЖ қаланың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес әзірленді.


Бас жоспарда мегаполисті дамытудың моноорталық моделінен полиорталыққа көшу принципі жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Осылайша, 2030 жылға дейін қала әкімдігінің жобалық офисі аясында 5 полиорталық құрылады, олар: «Шығыс қақпалары», «Тарихи орталық», «Солтүстік», «Оңтүстік-Батыс», «Батыс».


Полиорталықтар  - Алматы тұрғындары мен қонақтары, бизнес өкілдері ұмтылатын қоғамдық және іскерлік белсенділік орталықтары.  Мегаполис 2025 жылға қарай бес арнайы аймаққа бөлінеді.


Біріншісі - «Шығыс қақпасы». Аталған полиорталық Талғар және Құлжа тракттары ауданында орналасады. Бұл орталық Алматының логистикалық хабына айналады, мұнда LRT станциясы (жер үсті метросы), BRT желісі (жүрдек автобус көлігі) салынады және бұл полиорталық көрме-ойын-сауық орнына айналады.


«Тарихи орталық» Медеу ауданында, «Алтын алаң» Байтұрсынов көшесі – Абай – Зенков – Жібек Жолы даңғылы шекараларында орналасатын болады. Осы жерден барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар мен арнайы мекемелер қаланың басқа аудандарына көшіріліп, тарихи-мәдени маңызы бар ғимараттар қалпына келтіріледі. Жалпы, осы полиорталықта абаттандыру жалғасады, веложолақтар мен веложолдар, көптеген тұрақ орындары пайда болады.


«Солтүстік» полиорталығы «Алматы-1» теміржол станциясына іргелес аумақта орналасады.  Мұнда қызмет көрсету саласы белсенді дамитын болады, құрылыстарда бірінші қабаттар шағын бизнеске жалға беріледі, көшелер тығызқ болады, скверлер салынады, ҮАК бойында, бұрынғы «Зеленстрой», Баум тоғайының аумағында демалыс орындары жабдықталады.


«Оңтүстік-батыс» полиорталығында (Райымбек даңғылы және Алатау көшесі) шағын өнеркәсіптік парктер, сауда және логистика объектілері, әкімшілік-іскерлік орталықтар, ал «Батыс» полиция орталығында («Алматы-3» жаңа теміржол вокзалы және Боралдай кентіндегі көлік хабы ауданы) барлық қажетті инфрақұрылым жүргізіледі, оның ішінде «Сақ қорғандары» этнографиялық паркінің айналасында. 


Бұл орталықта 90 га желілік рекреациялық саябақ, жаңа көпсалалы аурухана кешені, үстел теннисі орталығы және т.б. салу жоспарлануда.


Еске салсақ, жаңа ЕТЖ-ның негізгі мақсаты – инфрақұрылымның стратегиялық дамуын ескере отырып, хаотикалық құрылысты болдырмау және жер учаскелерін тиімді бөлу. 


ЕТЖ-да Алматының үздік әлемдік тәжірибелері, географиялық және климаттық ерекшеліктері ескерілді. Олар тұрақты және функционалды қалалық кеңістікті құруға бағытталған, қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды трассалаудың, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жаңа ЕТЖ #полиорталықтар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика