Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Жаңа буынға жаңа мүмкіндік

Жаңа буынға жаңа мүмкіндік

Әлеумет 19.05.2025, 19:01 676
Жаңа буынға жаңа мүмкіндік
Алматы қаласы әкімдігі

Қазақстанда Президенттік жастар кадр резервіне төртінші іріктеу басталды

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда Президенттік жастар резервіне іріктеудің төртінші – жаңа кезеңі басталмақ. Дарынды жастар осы бағдарлама арқылы өзін көрсетіп, мемлекеттік қызметте карьера жасай алады. Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің басшысы Мақсат Жаңбыршин алдағы іріктеу жұмысының барысын, оның кезеңдерін, квоталар мен өзгерістері жайлы айтты. 

Президентіміздің бастамасымен құрылған Президенттік жастар резерві дарынды, жаңаша ойлайтын жастарды мемлекеттік басқаруға тартуды көздейді.  

Бағдарлама басталғалы бері іріктеу жұмысы үш рет – 2019 жылы, 2021 жылы және 2023 жылы өткен. Оған 60 мыңнан астам жастар қатысып, олардың ішінен 400 (2019 жылы -300, 2001, 2023 жылы – 50) адам Резервке іріктеліп алынды. Олардың шамамен 80 пайызы, яғни 318-і мемлекеттік органдар мен әртүрлі ұйымдарға жұмысқа орналасқан. 

2025 жылы төртінші рет іріктеу жұмысы өтпек енді. Оның басты ерекшелігі – кандидаттарды сала-салаға бірдей етіп бөледі. Әр бағытқа квота беріледі. Іріктеу жұмысы да барынша қатаң болмақ. 

Кандидаттарға қойылатын жалпы талап өзгерген жоқ: 

• 35 жасқа дейінгілер,

• Жоғары білімі болуы,

• Жоқ дегенде бес жыл жұмыс өтілі болуы,

• Қазақ тілін B1 деңгейінен кем білмеуі.

Іріктеуге қатыспайтындар

• Президенттің өзі тағайындағандар,

• Саяси қызметкерлер,

• «А» корпусындағы әкімшілік қызметкерлер,

• Кадрлық резервке кіріп үлгергендер.

Іріктеу жұмысы 2025 жылдың шілде айынан қазан айына дейінгі аралықта алты кезең бойынша өтеді:

I кезең (1–30 маусым):

Арнаулы ақпараттық жүйе арқылы онлайн құжат қабылдау.

II кезең (2–3, 9–10 тамызда):

Сандық және мәтіндік ақпаратпен жұмыс істей алатын қабылетін бағалау. Кандидаттардың барлығы талап бойынша мәтіндік тексттен өтеді. Әр саладан үздік шыққандардың 50 пайызы сандық текст тапсырады. 

Соңына қарай 600 кандидат келесі кезеңге өтеді. (Әр саладан жоқ дегенде 100-ден кандидат өтпек).  

III кезең (16–17 тамызда):

Онлайн-эссе форматында тапсырма орындайды. Соңына таман 300 кандидат келесі кезеңге өтіп, қарым- қабілетіне баға береді.  

IV кезең (22 тамыз бен 3 қазан аралығы):

Қос кезеңнен тұратын қабілетіне баға беру іс-шарасы.

• Ассессмент-орталық (22–28 тамыз) Мемлекеттік басқару академиясында өтеді. Лидерлік жағына, сараптай алатын, адамды иландыра алатын қабілеті мен белсенділігіне қарайды,   

• HR-менеджермен қабілетін тексеретін сұқбат алу (23–28 қыркүйекте). Соңында 150 кандидат ары қарай қатысады 

V кезең (8–15 қазан):

Эксперттік комиссияда сұқбаттасып шыққан соң, жүзге жуық кандидат қана қалады. Осылардың тізімін кейін Ұлттық комиссияға ұсынады.  

VI кезең (25 қазанға дейін):

Ұлттық комиссия ең үздік 50 кандидатты Президенттік жастар резервіне қабылдау туралы шешім шығарады.  

Пресс-конференцияның соңында Мақсат Жаңбыршиев жастарға арнап сөз сөйлейді:

«Бүгінгі ақпараттық алаңды пайдаланып, жастарды елге адал қызмет етіп, осы іріктеуге атсалысуға шақырамын. Мемлекеттік аппаратқа білімді, еңбекқор, Отан алдындағы міндетін түсінетін жастар керек. Агенттіктің бір міндеті де – мемлекеттік қызметкерлердің жаңа, кәсіби буынын қалыптастыру», - деп атап өтті ол.   

Құжатты Алматыдағы Достық даңғылы – 134 мекенжайында (505 кабинет), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтың Департаментінде қабылдайды. Телефоны: (727) 254 90 31, (727) 254 90 29.

Президенттік жастар резерві – Қазақстанның болашағын бірге қаласатын жас мамандарға жасалған үлкен мүмкіндік. Іріктеу басталды. Бұл оған қатысатын адамның мемлекеттік қызметтегі алғашқы қадамы болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Кадр #Кадрлық резерв
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Бүгін 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика