конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпион...

Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды

Спорт 22.04.2022, 09:20 1,333
Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды
Сурет: Prosports.kz

Күрес Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр.


Қазақстандық спортшы Жәмила Бақбергенова әйелдер күресінен Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Olympic.kz сілтеме жасап.


Ұлан-Батор бозкілемінде ол 72 келі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. «Дөңгелек айналым» жүйесі бойынша өткен бәсекеде отандасымыз қарсыластарының бәрін жеңді. Атап айтқанда, ол Даваанасан Енхамар (Моңғолия), Светлана Окназарова (Өзбекстан), Никки Никки (Үндістан) мен Сумире Ниикура (Жапония) сынды мықты балуандардың жауырынын жерге тигізді. 


Нәтижесінде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынына екінші алтынды салды. Жарыстың алғашқы күнінде оның сыңары Мадина Бақбергенова 68 келі салмақта топ жарған болатын. 


Айта кетерлігі, күрес түрлерінен Азия чемпионаты Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда өтіп жатыр. Әйелдер күресінен кездесулер дөңгелек айналым жүйесі бойынша өтуде. Спортшылар өздерінің салмақ дәрежесінде барлық балуандармен әр айналымда белдесіп, жеңімпазды анықтайды. Жәмила аталған жүйе бойынша барлық қарсыласын бірдей жеңіп, уақытынан бұрын алтынға қол жеткізді. Бұл - Жәмила Бақбергенованың Азия чемпионатындағы екінші алтыны. Ол бұған дейін 2020 жылы Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында үздік атанған. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Күрес #чемпионат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды

Бүгін 11:02

"Сергек" енді самокатшыларды да бақылайды

Бүгін 10:28

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі басталды: алғашқы күн EcoDay экологиялық акциясымен өтті

Бүгін 09:27

Дүйсенбінің ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:59

Пашинян Армения үкіметінің тізгінін қайта қолға алды

Кеше 17:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);