Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Жамийла»: суретшінің сыры, махаббат майданы

«Жамийла»: суретшінің сыры, махаббат майданы

Мәдени Алматы 27.11.2025, 10:22 795
«Жамийла»: суретшінің сыры, махаббат майданы
Қайрат Қоныспаев

Алматылықтар Айтматовтың атақты «Жамийла» шығармасы бойынша қойылған мюзиклдің премьерасын тамашалады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Шаһардың бас сарайында өткен музыкалық спектакльді алматылықтарға тарту еткен Қырғызстанның Тоқтықұл Сатылғанов атындағы Ұлттық филармониясы. Алғашқы премьера былтыр көктемде Қырғызстанда өткен, биылғы гастроль Алматы сахнасынан басталды. Спектакль бұдан әрі Баку, Ташкент, Анкара және Еуропаның бірнеше қаласында көрсетіледі.

Қойылым басталар алдында кештің шымылдығын ашқан ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин қазақ пен қырғыз арасындағы мәдени байланыстарға тоқталды:

«Бүгін Республика сарайында ерекше кеш. Бұл шара біздің басымызды біріктіреді. Қазақ пен қырғыз – төскейде малы, төсекте басы қосылған бауырлас халық. Екі халықты мәдениет, дәстүр, өнер мен тарихтағы танымал тұлғалар сияқты біріктіретін ортақ дүниеміз көп. Күні кеше Ош қаласында Абайға арналған музей ашылды, ал бүгін Алматыда «Жамийла» мюзиклі сахналанады, – деді Ерлан Тынымбайұлы.

Қырғыз елінің атынан сөз алған мемлекеттік хатшы Марат Иманқұлов бұл премьераның достықтың символы екенін атап өтті:

«Шыңғыс Айтматовтың есімі қырғыз бен қазақ мәдениеті үшін ортақ. Ал жазушының шығармашылығын алғаш қолдаған – қазақ әдебиетінің дүлділі Мұхтар Әуезов. Сондықтан бұл мюзиклдің Алматы сахнасында өтуінің ерекше мәні бар, – деді Марат Иманқұлов.

«Жамийла» – Жәмила есімді күйеуі соғысқа кеткен жас келіншек пен майданнан жаралы болып оралған Даниярдың арасында махаббат тарихын Жәмиланың қайнысы Сеиттің аузымен баяндайтын шығарма.

Суретші болуды армандаған жас баланың жеңгесі мен Даниярдың суретін саламын деген арманы, жас жұбайлардың арасына соғыс салған сызат, жүрекпен сезілген нәзік махаббат – чоң Шыңғыстың қуатты қаламынан туған шығарманың негізгі арқауы, осының бәрін қырғыз әртістері мюзикл арқылы көрерменге жеткізе білді. Айтматовтың талай режиссерді шабыттандырған бұл шығармасындағы адамгершілік бірлік, өзара көмек пен рухани төзімділік тақырыбы спектакльде ерекше көрініс тапты. 

Данияр рөлін Құралбек Чокоев, Жәмила рөлін Сырға Сағынбекова сомдады. Хореографияны бас балетмейстер Ерлан Қамытбеков қойған, қойылымның музыкасын жазған композитор Мырзали Жиенбаев. Мюзиклдің бас үйлестіруші-жетекшісі Қырғызстанның Халық әртісі Қырғызбай Осмонов, қоюшы – Қырғызстанның Еңбек сіңірген әртісі Болот Тентимышев. 
Шыңғыс Айтматовтың жүз жылдық мерейтойына арналған халықаралық жоба көрерменге рухани әрі эстетикалық ләззат сыйлап, қазақ-қырғыздың мәдени байланысын жаңа деңгейге көтерді. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Шыңғыс Айтматов #Жамийла
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласында ойын-сауық орындарының бірінің қызметін уақытша тоқтатты

Бүгін 10:30

Алматы – Астана тасжолында жылдамдықты өлшейтін құрылғылар орнатылды

Бүгін 10:21

Әбілхан Қастеевтің бұрын жарияланбаған суреттері шықты

Бүгін 10:00

Алматыда түзету орталығының қызметкері қамалды

Бүгін 09:33

Алматының эпидахуалы қандай?

Бүгін 09:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі