AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Жамбыл атындағы филармония 89-маусымын қорытындыла...

Жамбыл атындағы филармония 89-маусымын қорытындылады

Мәдениет 01.07.2025, 15:46 1,014 Сұлу
Жамбыл атындағы филармония 89-маусымын қорытындылады
Жамбыл атындағы филармонияның баспасөз қызметі

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы 89-маусымын салтанатты түрде қорытындылады.

24 маусымда филармонияның жетекші солистері көрермендерге арнап жоғары деңгейде концерт ұсынып, бір маусым бойғы шығармашылық еңбектің қорытындысын сахна төрінде түйіндеді. 89 маусым – өнер ордасы үшін тарихи, мәдени, рухани маңызға ие кезең болды. Өйткені, биыл маусымның үлкен жаңалығы – Жамбыл атындағы филармонияның 90 жылдық мерейтойы. Шығармашылық мекеменің бір ғасырлық межеге таяу сапары – қазақ өнері мен ел мәдениетінің өсіп-өркендеуімен тығыз байланысты.

Қазақ музыкасының негізін қалаушы тұлғалардан бастап, бүгінгі күннің дарынды жас өнерпаздарына дейін осы сахнада өнер көрсетіп, ұлттық мәдениеттің мәртебесін биікке көтеріп келеді. Мерейтойлық 89-шы маусым шеңберінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Маусым бойғы әрбір концерт, фестиваль, қайырымдылық шарасы – көрермен мен өнер ұжымының рухани үндестігін, сабақтастығын айқындады. 

Жыл басында бастау алған «Ұрпақ сабақтастығы» жобасы аясында филармония Алматы қаласындағы бірқатар өнер оқу орындарымен бірлесіп балаларға арналған концерттер ұйымдастырды. Осы бастама аясында «Ақсай» балалар орталығы, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және Алматы облысындағы №1 балалар үйінде қайырымдылық концерттері өткізіліп, әлеуметтік маңызы зор мәдени байланыстар орнады. Мамыр айында Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласының бастамасымен дәстүрлі «Гүл Алматы. Flower City» балалар мен жасөспірімдер хорының фестивалі өтті.

Филармония биыл алғаш рет бейнелеу өнері саласына да назар аударды. Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы және Орал Таңсықбаев атындағы колледжбен бірлесіп ұйымдастырылған ашық аспан астындағы пленэр – суретші жастар үшін шығармашылық шеберліктерін шыңдайтын үлкен мүмкіндікке айналды. Қатысушылар филармония ғимараты мен өнер ұжымдарын бейнелеп, мекеменің шығармашылық келбетін көркем тілде сөйлетті. Және жас суретшілердің қара шаңыраққа арнаған туындылары жыл бойына концертке келген көрерменге ұсынылуда. 

Филармония ұжымы тек мәдени шаралармен шектелмей, денсаулық пен ұжымдық бірлікті де басты назарда ұстады. Ақпан айында қызметкерлер арасында үстел теннисі мен шахматтан турнир өткізілді. 

Маусым айында Т.Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі «XX–25» атты халықаралық фестиваль өткізді. Бұл шараға шетелде тұрып, әлемдік сахналарда өнер көрсетіп жүрген танымал скрипкашылар Меруерт Кәрменова (Бельгия) мен Ержан Кулибаев (Испания) арнайы шақырылып, қазақстандық көрермендерге еселі қуаныш сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, филармонияда екінші рет өткізіліп отырған биылғы естивальдің ерекшелігі – шетелде білім алып, кәсіби тәжірибе жинаған қазақ өнерпаздарының елге оралып, ұлттық өнерге үлес қосуына мүмкіндік жасау.

 Сонымен қатар, шығармашылық ұжымдар өзге қалалар мен шет елдердегі тыңдармандарымызды қуанту мақсатында өнерсапарларға барып, қазақ өнерінің жауһарларынан паш етіп қайтты. Атап айтсақ, маусымның салтанатты түрде ашылуынан соң, қазан айында Б.Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы Қытай Халық Республикасы Ухань қаласына барып, концерт берді. Республика бойынша ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі Қарағанды қаласында ХХV Халықаралық «Музыкалық Сарыарқа» фестиваль аясында өнер көрсетті. 

Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясының 89-маусымы – мазмұны бай, мағынасы терең, әсері мол кезең болды. Алда – ұлы мерейтойдың жалғасы, 90 жылдық белестің биікке бет алған жаңа көкжиектері тұр.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жамбыл атындағы филармония #маусым #қорытындылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Бүгін 17:41

“Қайраттың” бұрынғы капитаны Сергей Рожков өмірден өтті

Бүгін 16:19

Астанада қалалық ауруханада жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталды

Бүгін 15:10

Ер адам саксофон тартқан балаға оқ атқан

Бүгін 15:02

Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 300 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);