AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Жамап-жасқау айы жартысынан ауды

Жамап-жасқау айы жартысынан ауды

Керек кеңес 17.11.2022, 10:37 2,040 Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ
Жамап-жасқау айы жартысынан ауды
almaty-akshamy.kz

*Қазақы пайым


«Кәрі-құртаңды тауысатын» қаупі зор Қауыс есік қағып тұр. Ол қарашаның 25-іне дейін жалғасады


 Қазекем қарашаны жамап-жасқау айы деп те атаған. Күз бен қыстың аралығындағы өтпелі кезең болғандықтан да, бұл айда шаруаға қолайсыз әртүрлі амал көп кездеседі. Сондай қауіпті амалдардың бірі – өткен пайымымызда сөз еткен «Қауыс» амалы. «Қарашада қауыс бар, кәрі-құртаңды тауысар» немесе «қараша-қауыс, кәрі-құртаңды тауыс» деген амалға қатысты мақал-мәтелдердің өзі бұл сөзімізге дәлел болғандай. 


Табиғатпен етене араласып өмір кешкен бабаларымыз осы амал кезінде қыстаулық үйлерін бүтіндеп, жөндеуден өткізген. Қыстан аман-есен өте алады-ау деген қозы-лақ, құлын-бұзау, ботақандарды іріктеп қыстаулыққа апарып, қалған арық-тұрақтарды сататын болған. Басы артық малды қысқы жем-шөпке ортақ болмасын деп сойып алған.


Басқаша аталуы –  ақ қар. Осы кезде жауған қардың ақ, жеңіл, жұмсақ болатындығына байланысты аталса керек. Ақ ұлпа қарда салқындық, аяз болмайды. Күн көзі жылт етсе болды, еріп кетеді.


Амал уақытында ауа райында елеулі өзгеріс орын алып, күн біртіндеп суытады. Бұғылардың күйі келіп, әбден жараған олар үйірге түседі.


Амал кезінде қара суық көбірек көрініс береді. Күннің көзі көрініп тұрғанымен жылуы өте әлсіз болады. Бұл шуақты күндер мүлде болмайды деген сөз емес. Аракідік аспан ашылып, күн нұры аз да болса, төгіліп тұрады. Бабалар болжамы осылай дейді.



Қазекең қараша айын Қауыс деп те атаған. «Қараша келмей, қар жаумас» деген бұрынғы табиғат тамыршыларынан қалған тәмсіл бар. Аспан денелерінің  қазіргі қимыл-әрекетіне  назар аударатын болсақ, алдағы апта (17–24 қараша аралығында) ауа райы  күрт өзгеріп, аспан әлсін-әлсін бұлттанып, салқын жел, қар аралас жаңбыр бой көрсететін сыңайлы.



Бүгін қолданыстағы күнтізбе бойынша, қарашаның 17-і. Ай жүйесі бойынша, айдың 22-сі. Ал қазақы есепке сүйенсек, қарашаның – 4-і. Апта қараша айының басы мен ортасын және соңын түгел қамтып тұр. Бұл күн райының салқындап, ертелі-кеш ызғырық болып, таңғы аяздың қауқары күшейетінін аңғартқандай. Жаңбыр, қар жиі көрініс беріп, қыраулы қыстың қыр астында тұрғанынан хабар бергендей. Аптаның соңында аяз сынатын сыңайлы.


Дегенмен, алда өзімен бірге жаңбыр мен қар, дауыл мен ызғар ала келетін қаһарлы амалдардың бірі – «Үлкен қараша» амалы бар. Қыстың алғашқы хабаршысы осы амал.


 


БАБАЛАР БОЛЖАМЫ


Бұлт пен ай қимылына сәйкес жасалынған жорамал


*Бұлт желге қарай көшсе, онда кешікпей қар жауады.


*Бұлт ортасынан ыдыраса, ауаның райы бұзылады.


*Бұлт шетінен ыдыраса, ауа райы түзеледі.


*Күн құлақтанып шықса, не боранның, не аяздың белгісі.


*Күн құлақтанып батса, ауа райы жылы болады.


*Ай бұлыңғыр болса, жаңбыр жауатынын, ашық болса, шуақты болатынын білдіреді.


 


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақ #қараша #Жорамал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);