AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Жалған ақша "жарға жықты"

Жалған ақша "жарға жықты"

Заң мен тəртіп 08.10.2024, 09:45 1,239
Жалған ақша "жарға жықты"
Сурет: Astanatv.kz
 
Алматыда жалған доллар өткізбек болғандар сотталды.

Оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Айыпталушылар ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізбек болған.

Аталған тұлғалар бақыламалы сатып алу барысындағы жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталған.

«Жалған ақша жасаушылардың құрбаны болмас үшін жақсы бағам бойынша айырбастауды ұсынса да, бейтаныс адамдарға ақша айырбастамаңыз және валютаны «делдалдардан» сатып алмаңыз. Осылайша, Қаржылық мониторинг агенттігі Алматыда ірі көлемдегі жалған 100 долларлық купюраларды өткізу фактісін анықтады. Аталған тұлғалар бақыламалы сатып алу барысындағы жалған купюраларды өткізу әрекеті кезінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Алматының екі тұрғыны криптовалюта сатып алу желеуімен жалпы сомасы 32 700 АҚШ долларын құрайтын жалған шетелдік купюраны бірнеше рет сатқан. Сот үкімімен істің екі қатысушысы кінәлі деп танылып, оларға 5 жылдан 5,5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

«Агенттікпен жыл басынан бері Қазақстан аумағында айналымнан 1 060 жалған банкнот тәркіленді, оның ішінде ұлттық валютада 647 100 теңге сомасына 141 купюра, 90 400 АҚШ долларына 905 купюра, 2 000 еуроға 4 купюра, 1 000 юань сомасына 10 купюра анықталды. Тәркіленген жалған банкноттардың жалпы құны 43 млн теңгеден асады. Жалпы, ағымдағы жылы жалған купюраларды жасап, өткізгені үшін 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - дейді ҚМА.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жалған ақша #Доллар #соттау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);